ИТЭР жобасы
ITER (ИТЭР) – Халықаралық термоядролық тәжірибелік реакторы
Термоядролық синтезді зерттеудің мақсаты адамзаттың болашақтағы энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыруды көздейді. Бірқатар елдер (АҚШ, Жапония, Ресей, Корея, Қытай, ЕуроОдақ, Үндістан) термоядролық синтездің тәжірибелік реакторы – жаңа энергетикалық қондырғының баламасын жасау үшін күш біріктірді.
Термоядролық реакторда энергия сутегі мен тритий (сутегі изотобы) атомдарының өзара әрекеттесуі барысындағы энергия бөлінуі нәтижесінде жаңа атом – гелий атомы пайда болады. Бұл үдеріс алып энергия таралуымен қатар жүреді: термоядролық реакция өтетін плазма температурасы 100 млн. градус шамасында болады (салыстыру үшін: Күн ядросының температурасы 40 млн. градусқа тең). Басқарылатын термоядролық синтез реакциясы – ИТЭР жобасының басты міндеті.
ИТЭР-де реактор қорабының жылу қорғанысы және плазманың жылу энергиясын алып тастау үшін ішкі қабатты бойлай экрандар (реактордың бірінші қабырғасы деп те аталады) орналастыру көзделген. Аталмыш қабырға жиналатын құрылма түрінде болып, арнайы тот баспайтын болаттан жасалған тіреуіш блоктардан тұрады да, оларға суменсалқындалатын панельдер бекітіледі. Бұл панельдер бериллийден (плазмаға айналған қабат), арнайы мыс қорытпасынан жасалған аралық жылу бөлетін қабат және арнайы тот баспайтын болаттан жасалған тіреуіш суменсалқындатқыш қабаттан тұратын үш қабатты композициялық құрылым болып табылады. Панель құрылмасына қабаттардың арасы табиғи араласқан болуы шарт деген негізгі талап та қойылған.

«ҮМЗ» АҚ ИТЭР жобасын осы бірегей материал – металл құрылмалы бериллиймен қамтамасыз етуге қабілетті дүние жүзіндегі екі компанияның бірі саналады. Едәуір ғылыми және технологиялық қуатқа ие Қазатомөнеркәсіп реактордың бірінші қабырғасы кешенін дайындап шығарушы және жеткізіп берушіге айналуы мүмкін. Сонымен қатар, «ҮМЗ» АҚ ТОКАМАК жеделдеткіштеріне арнап асқанөткізгіш компоненттерін жеткізіп беруші әлемдегі бірінші компания болғандықтан, ИТЭР реакторы үшін асқанөткізгіш құрылмалы элементерді дайындауға да қатысуы мүмкін.
Халықаралық жобаға қатысу сызбасы реактордың құрамдас бөліктерін жеткізіп беруді және оның құрылысын қаржыландыруды қарастырады. Оған айырбас ретінде қатысушы елдердің әрқайсысы энергетикалық термоядролық реакторларды сериялық жобалау үшін негіз бола алатын термоядролық реакторды жасаудың барлық технологиясына және осы реактордағы барлық тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне толық ұлықсат алады.
Жоба бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізуді, реактордың бірінші қабырғасын дайындау технологиясын жасап шығуды, қолданыстағы өндірісті қайта жаңғыртуды және «ҮМЗ» АҚ-да ИТЭР реакторы құрамдас бөліктерін дайындауды көздеген.
Сөйтіп, Қазақстан ИТЭР жобасына қатысу есебінен болашақ термоядролық энергетика көшбасшыларының элиталық клубына енуге, бірқатар салаларда технологиялық серпіндерді жүзеге асыруға және мемлекеттің одан әрі дамуына болысатын жобаға қатысушы жоғары білікті мамандардың жаңа шоғырын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік алатын болады.
