КАТКО
«КАТКО» Қазақстан-Франция біріккен кәсіпорны» ЖШС 1996 жылы құрылған.
Біріккен кәсіпорынның құрылтайшылары АРЕВА тобы 51% (Франция) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 49% (Қазақстан).
- Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;
- Құрамында ураны бар кендерді өндіру және қайта өңдеу бойынша қуаттарды жобалау және құру, сондай-ақ сол қуаттарды кен орындарында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мойынқұм кен орнында қолдану.
- 1999 жылы «КАТКО» БК Мойынқұм кен орнының №1 Оңтүстік учаскесінің солтүстік бөлігінде уран өндіруге және №2 Төртқұдық учаскесінде уран барлау мен өндіруге лицензия алды.
- 2000 жылы Мойынқұм кен орнының №1 Оңтүстік учаскесінде уран өндіру, №2 Төртқұдық учаскесінде уран барлау мен өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі келісімге қол қойылды.
- «КАТКО» БК 2001 жылы №1 Оңтүстік учаскесінде жерасты ұңғымалы шаймалау бойынша тәжірибелік жұмыстарды және №2 Төртқұдық учаскесінде барлау жұмыстарын бастады.
- 2003 жылы өнеркәсіптік өңдеу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді.
- 2004 жылы №1 Оңтүстік учаскесінде өнеркәсіптік зауыт іргетасының алғашқы бетоны құйылды. Сол жылдың өзінде Мойынқұм кен орнындағы №1 Оңтүстік учаскесінде бұрғылау жұмыстары (өнеркәсіптік өңдеу) қолға алынды.
- 2005 жылы №3 Орталық учаскесінің солтүстік бөлігі есебінен келісімдегі аумақ көлемі ұлғайтылды, сонымен қатар келісімнің әрекет ету мерзімі 03.03.2039 жылға дейін ұзартылып, №2 Төртқұдық учаскесінде вахталық лагерьдің құрылысы басталды.
- 2006 жылы №1 Оңтүстік учаскесінде өндірістік қуаты жылына 500-1000 тонна уранға тең жерасты ұңғымалы шаймалау кеніші пайдалануға тапсырылды.
- №2 Төртқұдық учаскесіндегі өндірістік қуаты жылына 2000 тонна уранға тең жерасты ұңғымалы шаймалау кеніші 2007 жылы іске қосылды.
- 2008 жылы АРЕВА мен Қазатомөнеркәсіп «КАТКО» компаниясында уран өндіруді жылына 4000 тоннаға жеткізу және әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі келісімге қол қойды.
АРЕВА - француздың индустриальды-өнеркәсіптік тобы, акцияларының басым бөлігі (шамамен 80%) үкіметтік ұйым болып табылатын CEA-ға (Францияның Атом Энергиясы жөніндегі комиссиясы) еншісінде. AREVA 2001 жылғы 3 қыркүйекте COGEMA мен FRAMATONE компанияларының қосылуы негізінде құрылған..
AREVA атом энергиясы саласындағы ірі көшбасшы саналады. Бүгінде AREVA тобы тігінен интеграцияланған компания ретінде ядролық өндірістің толық циклын қамтиды:
AREVA сондай-ақ электр энергиясын жеткізу және қайта бөлу (әлемде үшінші орында), карбон диоксиды эмиссиясынан босаған (парникті газ) балама қуат көздерінен электр өндіру саласына да мамандануда.
AREVA көздеген мақсат – экологиялық таза, қауіпсіз және экономикалық тиімді энергияны баршаға қолжетімді ету.
e-mail: almaty@katcokaz.com
