Қазақстанның атом энергетикасы
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда ядролық энергетиканы қолданбастан жақын және алыс болашақта энергетикалық кілтипандарды шешуге болмайтын сияқты. Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді.Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бұлтартпас алғы шарттарға ие:
- Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19% шоғырланған;
- Дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі бар;
- «Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклына ие компания құру жөніндегі стратегия отандық атом энергетикасын елімізде өндірілген отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясына барынша төменгі тарифтер белгілеуге септігін тигізеді;
- Қазақстанда жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторының ширек ғасыр бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен білікті қызметкерлер сақталған. 1999 жылдан бері аталмыш реактор сатылап қолданыстан шығарылуда;
- Қазақстанда кеңестер заманынан сақталған ядролық физика саласында зерттеулер жүргізетін бірегей ғылыми база, білікті ғылыми-техникалық мамандар бар;
- Республикамыз үш зерттеу ядролық реакторын пайдалануды жемісті жалғастырып келеді;
- Ядролық энергетика мен ядролық физика саласында, соның ішінде атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу, ядролық реакторлар үшін перспективалық отындарды сынақтан өткізу, ядролық техниканың жобаларын жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті инфрақұрылым бар;
- МАГАТЭ-де интеграцияланған ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесі бар;
- Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша қызметтің негізгі құбылыстарын реттейтін заңдық және нормативті база жұмыс істеп тұр.
Дәстүрлі энергетиканы ядролық-энергетикалық технологияға біртіндеп алмастыру едәуір синергетикалық нәтижеге жеткізеді:
- Атом энергетикасын дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, ал оған болашақта энергия өндірісін диверсификациялаусыз қол жеткізу мүмкін емес. Бұл электр энергиясын сырттан сатып алуға тәуелділікті айтарлықтай азайтады немесе толығымен жояды, мұның өзі шикізат бағасының ықтимал тұрақсыздығы және электр энергиясына сұраныс көп еселеп артуы болжануы жағдайында үлкен пайда;
- АЭС қазіргі кезде мейлінше экологиялық таза энергия өндірушілердің бірі саналады. Ядролық энергетика экологиялық балансты бұзбастан өндірелетін энергия көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ауа қабатына шығарылатын зиянды шығындыларды болдырмауға және жаһандық экологиялық проблемаларды шешу бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді қамтамасыз етуге септігін тигізеді;
- Ядролық энергетиканың маңызды абзалдықтарына экономикалық тартымдылығы мен ұзақ уақыт бойы электр энергиясы бағасының тұрақтылығын жатқызуға болады;
- Атом энергетикасын дамыту отандық машинажасаудың технологиялық деңгейін көтеруге, елдің ғылыми-техникалық қуатын нығайтуға және экономиканың жаңадан жоғарытехнологиялық салаларын жасауға жан-жақты ықпал етеді;
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың АЭС үшін жабдықтар шығаратын халықаралық кооперацияға интеграциялануы жүзеге асады;
- Экспорттың құрылымы жоғарытехнологиялық өнімдердің – электр энергиясы мен реакторлық отын, болашақта жаңа АЭС-тер үлесін арттыру бағытына қарай өзгереді;
- Энергетикалық ресурстардың кепілділігі Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Пайдалы сілтемелер:
ВБЭР-300 атом электр стансасының құрылысы
Шағын энциклопедия
Сұрақтар мен жауаптар
