Қазақстанның ядролық университеті

«Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС 2004 жылғы 29 қыркүйекте тіркелген.

Қазақстанның ядролық университеті «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының қызметкерлерін кәсіби дайындауға және қайта дайындауға мамандандырылған орталық болып тыбалады.

 
Миссиясы:
  • «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы кәсіпорындарының атом саласы ерекшеліктері ескеріле отырып дайындалған білікті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру;
  • «Қазатомөнерекәсіптің» оқу стандарттары, стратегиялық мақсаттары мен қажеттіліктеріне сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру үдерісін мақсатты және жоспарлы түрде үздіксіз жүзеге асыру.

Университет Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті тарапынан 2008 жылғы 21 сәуірде берілген ГЛФ № 0001860 (2006 жылғы 7 сәуірде берілген ГЛА № 0001129) лицензиясына ие:

  1. «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» курсы бойынша мамандар біліктілігін арттыру;
  2. «Дозиметрист» курсы бойынша мамандар дайындау және біліктілік арттыру.
 
ҚЯУ білім беру порталы
 

Университеттің білім беру порталы – Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметкерлері үшін Интернеттегі жұмыс аумағы. Порталдың міндеті – барынша тиімді және шұғыл жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Порталдың электронды мекен-жайы: http://www.knu.kz/portal/

Бүгінгі таңда ҚЯУ-де шоғырланған жоғары білікті ниеттес еңбек ұжымы мейлі ол жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің біліктілігін арттыру болсын, білікті мамандардың алғашқы дайындығы болсын немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалары болсын, Қазатомөнеркәсіп үшін маман дайындауда кез келген міндетті атқаруға қабілетті.

 

Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ.,
Бөгенбай батыр көшесі, 156 а

т\ф 244-81-80,
т.244-81-62, 244-81-66
e-mail: knu@knu.kz


http://knu.kz