Конденсатор зауыты
Тантал рыногы тантал үшін түпкі тұтынушының негізгі рыногындағы заттарды – түрлі электронды құрылғылар өндірісінде қолданылатын конденсаторлық материалдарды «миниатюризациялау» эффекті туындатқан құрылымдық өзгерістерді бастан кешуде. Электронды құрылғыларға сұраныс артып жатқанына қарамастан, өнім бірлігінде қолданылатын тантал саны кеміп барады. Тантал конденсаторлары сондай-ақ, керамикалық, алюминийлік конденсаторлар және аз мөлшерде ниобийлік конденсаторлар тарапынан бәсекелестіктің ұлғаюына да тап болып отыр.
Осыған байланысты әлемнің жетекші компаниялары электронды құрылғылардағы электр энергиясын реттейтін, сүзгілейтін және сақтайтын керамикалық және тантал конденсаторлар сияқты жоғары сенімділікке ие өнім түрлерін кеңейтуде.
Бүгінгі таңда «ҮМЗ» АҚ-ның тантал өндірісі тантал конденсаторларын шығару бойынша біріккен кәсіпорын құру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, сонымен қатар электронды өнеркәсіп үшін конденсаторлар өндірісі бойынша Қазақстанда зауыт салу жөнінде әлемдегі жетекші конденсатор өндірушілердің бірімен келіссөздер жүргізуде.
