Конверсия
Конверсия, немесе уранды газға (фтор) айналдыру уранды байыту алдындағы өндірістік тізбектің маңызды бір буыны болып табылады. Конверсиялау барысында уран концентраты фтормен реакцияға түсіп, газ түріндегі уран гексафторидына (UF6) айналады.
2008 жылғы маусым айында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен Cameco Corporation корпорациясы жаңа біріккен кәсіпорын - «Үлбі Конверсия» ЖШС құрды.
Конверсиялық өндіріс Шығыс Қазақстан облысындағы Өскеменде қаласында орналасқан Үлбі металлургия зауыты базасында жұмыс бастайтын болады.
Болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 12 мың тонна уран гексафторидын (UF6) өндіруге мүмкіндік береді, бұл конверсия бойынша әлемдік қуаттың 17 пайызына тең.
Біріккен кәсіпорындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның үлесі 51%, қалған 49% Cameco Corporation еншісінде. Конверсиялық зауыт құрылысының техника-экономикалық негіздемесін әріптестер өз үлестеріне қарай тең мөлшерде қаржыландырып, оны 2009 жылы аяқтау жоспарланған. Құрылысты да тараптар қатысу үлесіне қарай тең қаржыландырады. Кәсіпорынды пайдалануға тапсыру және жылына 750 тонна уран гексафторидын (UF6) беретін қуатқа ие өндірісті бастау 2014 жылға жоспарланған.
Порт-Хоуптағы жылына 12400 тонна UF6 өндіретін конверсиялық зауытты басқарып отырған Cameco Corporation корпорациясы «Үлбі Конверсия» ЖШС үшін қажетті технологияны жеткізіп береді.
Конверсиялық кәсіпорын құру «Қазатомөнеркәсіптің» толық ядролық-отын циклына ие тігінен-интеграцияланған трансұлттық компания құру бойынша жоспарларын жүзеге асырудың бір сатысы болып саналады.
