Корпоративті басқару
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің корпоративті басқару жүйесінің тиімділігін тұрақты мониторинг жүргізу және әлемдік озық тәжірибені енгізу арқылы ұдайы арттырып отыруға ұмтылады. Компанияның корпоративті басқару жүйесі мынадай принциптерге негізделген:
1) Бірден-бір акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;
2) Директорлар кеңесі және Басқарманың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тиімді басқару принципі;
3) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің ашықтығы мен дұрыстығы принципі;
4) заңдылық және этика принципі;
5) тиімді дивидентті саясат принципі;
6) тиімді кадрлық саясат принципі;
7) қоршаған ортаны қорғау принципі;
8) қауіпсіз еңбек жағдайы принципі;
9) корпоративті даулар мен мүдделер тартысын реттеу принципі;
10) жауапкершілік принципі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративті басқару жүйесі өз ішіне қамтиды:
1) жоғарғы орган – Бірден-бір акционер;
2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган – Басқарма;
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізетін, ішкі бақылау саласын бағалайтын, тәуекелдерді басқару және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беретін орган – Ішкі аудит қызметі.
Корпоративті басқару құрылымы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары арасындағы өкілеттіктерді анық бөліп көрсетеді.
«Қазатомөненркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративті хатшысы Төлебаев Марат Дулатұлы.
