Қызылқұм

2005 жылғы мамырда құрылған «Қызылқұм» ЖШС «Солтүстік Қорасан» (Қорасан-1 учаскесі) уран кен орнында түпкі өнім саналатын «сары кек» алып, оны уран тотығы-шала тотығына айналдыру жобасын жүзеге асырады.

Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Energy Asia (B.V.I.) Limited (жапон энергетикалық компанияларының консорциумы), UrAsia London Limited (канадалық Uranium One кәсіпорнының еншілес компаниясы).

Кеніш Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан.

2008 жылы 50 тонна уран алынатын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс басталды. Өнеркәсіптік өндіріске көшуді кәсіпорын 2009 жылға жоспарлаған. 2014 жылға қарай жылына 3000 тонна уран алынатын жобалық қуатқа шығу көзделген. 

«Байкен - U» ЖШС бірге екі еншілес кәсіпорын құрған: күкірт қышқылын шығаратын «СКЗ-U» ЖШС мен жүк ауыстырып тиеу және жүк тасымалдау қызметін көрсететін «Жаңақорған Транзит» ЖШС.

2005-2007 жылдар аралығында аудандағы әлеуметтік жобаларға 26 млн. теңге көлемінде қаржы бөлді: бұл қаржы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге, студенттерді қолдауға, мектептерді керек-жарақпен жабдықтауға және «Қорасан Ата» мавзолейі құрылысына жұмсалды. Сонымен қатар бүгінде жергілікті тұрғындар игілігін көріп отырған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды: Сырдария өзені үстінен өтетін ұзындығы 303 метрлік көпір, асфальт бетон қабаты төселген 50 шақырымдық қашықтықтағы автомобиль жолы және разъездегі темір жол түйісі.

«Қызылқұм» ЖШС бас директоры - Қалмағанбетов Еркін Зәкімұлы.

Заңды мекен-жайы:
«Қызылқұм» ЖШС
120302, Байкенже ауылы,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы.
 
Тұрғылықты мекен-жайы:

050004 Алматы қ. Наурызбай батыр көшесі, 17

Тел.:   +7 /727/ 35 60 365
info@kyzylkum.kz