Прокат, сым және нысаналар өндірісі
Тантал прокаты. Бұл топтағы өнімдердің басты бөлігі конденсаторжасауда анодтарды сыртқа шығаратын өткізгішке арналған тантал сымы, сұйық конденсаторларға арналған жұқалтыр (фольга), конденсатор қорабына, сондай-ақ конденсатор анодтарын (экрандар, жылытқыштар, паддондар) пісіретін пештерді жарақтауға арналған таспалар түрінде пайдаланылады. Өнімдердің тағы бір бөлігі химиялық машинажасауда жылуалмастырғыштар үшін құбыр және агрессиялық ортада жұмыс істейтін реакторларды қаптайтын табақтар түрінде қолданылады. Ал өнімдердің аз бөлігі медицинада (имплантанттар, бекіткіштер, тұтқалар, штифтер), ядролық материалдар мен жасанды алмастар (тигельдер), кинетикалық қарулар (бронды бұзатын снарядтардың өзегі) өндірісінде кәдеге асады.
Топтың маңызды және жылдам өсіп келе жатқан бунағына құйма, пластина және шаңдататын нысаналарға арналған табақшалар түріндегі тантал жатады. Бұл сегмент материалдың микроқұрылымына қатаң талаптар қойылатын барынша таза танталды пайдаланады.
Танталдан жасалған өнімдер шығару көлемінің артуы негізінен тантал құймалары, тантал сымдары және тантал прокатының айтарлықтай өсуі арқасында болып отыр.
Үлбі металлургия зауытының Тантал өндірісінде диаметрі 0,15мм-ге дейін болған сымды шұбатудың жаңартылған учаскесі іске қосылып, металдың жетілдірілген микросызбасы және үстіңгі қабаты жоғары сапалы шағын диаметрдегі сымдар өндірісінің технологиясы істеп шығылды.
Диаметрі 250мм. және 4N-5N квалификациялы жоғары тазалықтағы тантал құймаларын балқытатын жаңа ЭЛП – ЕМО-800 пештері монтаждалып, іске қосылды.
Сондай-ақ, жаңартылған ЕМО-1600 пеші пайдалануға тапсырылып, диаметрі 250 (300) мм. біртекті макроқұрылымды металл құймалары қорытпасының технологиясы істеп шығылды. Жоғары тазалықтағы тантал құймаларын балқытатын жаңа пештердің іске қосылуы нысаналарға арналған материалдар өндірісінің әлемдік рыноктағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Шығарылатын прокаттық өнімдердің түрлері (үлкен бөлшеп өлшенетін шыбықтар, пластиналар, шаңдататын нысаналарға арналған біртекті микроқұрылымды табақшалар) мен бұйымдарды (поддондар, экрандар, құбырлы дайындамалар, синтетикалық алмастарға арналған тигельдер) көбейту бойынша технология істеп шығылды.
