Семізбай - U
«Семізбай - U» 2006 жылы Қазақстанда уран өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі «2010 жылға қарай – 15000 тонна уран» бағдарламасы аясында құрылған. 2008 жылғы желтоқсаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ пен оның еншілес кәсіпорны «Таукен компаниясы» ЖШС (51%) және Қытайдың Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited (49%) «Семізбай-U» ЖШС-нің құрылтайшылары болып табылады.
Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семізбай уран кен орнын жер қойнауы мен қоршаған ортаға ықпалы ең төмен деңгейде болатын жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен игереді. Семізбай кен орнындағы өнеркәсіптік алаңның құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуды аяқтау 2010 жылға жоспарланған. Сол жылы 500 тонналық бірінші сатылы жобалық қуатқа шығу, ал 2018 жылға қарай уран өндіруді жылына 680 тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Келісім шарттарына сәйкес «Семізбай - U» ЖШС жергілікті әкімдікпен келісе отырып жыл сайын аймақтың әлеуметтік мұқтаждықтары үшін, оның ішінде қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсету, білім беру, спорт, сауықтыру және басқа да іс-шаралар бар, 100 000 АҚШ долларынан кем болмаған көлемде қаржы бөледі. Атап айтқанда, серіктестіктің қаржысы есебінен Степняк қаласындағы №1 орта мектеп жөндеуден өтті.
«Семізбай - U» ЖШС бас директоры - Ишмұхамедов Серік Нариманұлы.
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Степняк қ., Ленин көшесі, 96.
