Шикізатпен қамтамасыз ету

Конденсатор шығарушылар (басқа да электронды компоненттер өндірушілер сияқты) өз жеткізіп берушілеріне 2 қатаң талап қояды:

  • өз өнімдерін жеткізіп беруді қамтамасыз етудің кепілдігі;
  • шикізат сатып алудағы ашықтық. Жеткізіп беруші шикізаттың нақты шыққан көзін дәлелдеп беруге міндетті, ал жеткізіп берушінің сапа жүйесі шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірістік үдерістегі жартылай фабрикаттың қозғалысын бақылап шығуға кепілдік беруі керек.
«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі тантал-ниобий шикізатымен өндірісті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырады.
 
Бағдарламаның басты элементтері:
  1. жеке көзінен шикізат жеткізіп беру мен/немесе ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша, спотты рынокта бір жолғы келісім бойынша шикізат сатып алу мен шикізатты толлингті қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету араларындағы тиімді ара қатысына қол жеткізу үшін біріккен кәсіпорын құру;
  2. электронды өнеркәсіп (тантал кондкнсаторлары үшін сыйымдылығы жоғары ұнтақтар мен сымдар, тантал прокаты) үшін өнімдер өндірісін қамтамасыз етуге қажетті шикізат қорын жасау.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру жеке көздерден және ұзақ мерзімді келісімдер бойынша (соның ішінде толлингті) шикізат жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ спотты рыноктағы сенімді жеткізіп берушілерден шикізатты тұрақты сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.