СКЗ-U

«СКЗ-U» ЖШС Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы жылына 500 мың тонна немесе тәулігіне 1500 тонна өнім беретін жобалық қауатқа ие күкірт қышқылы зауытының құрылысы бағдарламасын жүзеге асырады.

Зауытты іске қосу 2011 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.
2009 жылғы 31 тамыз күні болашақ күкірт қышқылы зауыты (КҚЗ) орналасар алаңқайда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президентінің болашақ ұрпаққа арналған жолдауы бар капсуланы зауыт іргетасына салу рәсімі болып өтті.
Аталмыш іс-шара КҚЗ-ның мынадай инфрақұрылымдық нысандарын пайдалануға тапсыруға орай ұйымдастырылды:
- ұзындығы 9 шақырымдық IV категориялы автожол;
- ұзындығы 1,8 шақырымдық темір жол тармағы;
- ұзындығы 8,8 шақырымдық ВЛ 35 кВ электр желісі және уақытша ТП   35/04 кВ;
- «СКЗ-U» ЖШС мен Desmet Ballestra компаниясы қызметкерлеріне арналған икемді қалашықтар;
- су жинағыш ұңғыма;
- спутниктік байланыс торабы және Интернет.
«СКЗ-U» ЖШС құрылтайшылары – «Тау-кен компаниясы» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны - 49%), SAP-Japan Corporation (Жапония - 32%) и Uranium One (Канада – 19%). Жылдық жиынтық өнімділігі 5 000 тоннаны құрайтын күкірт қышқылының негізгі тұтынушылары «Хорасан-1» және «Хорасан-2» кеніштері болады.
Дайын өнім (93% H2SO4) құбыр арқылы «Жаңақорған-транзит» ЖШС жүкті ауыстырып тиеу базасына дейін жеткізіледі. Зауыттағы барлық технологиялық үдерістер басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы бақыланады.

Өндіріс технологиясы

Күкірт қышқылын алу MECS (Monsanta) лицензиясы бойынша қосарлы конверсия/қосарлы абсорбция технологиясына негізделген. Қышқыл өндірісіндегі шикізат ретінде «Теңізшевроил» ЖШС-нен алынатын жентек күкірт пайдаланылады. Сөйтіп, аталмыш жоба күкіртті кәдеге жарату арқылы Каспий аймағындағы экологиялық ахуалды сауықтыруға көмектесетін болады.

Қондырғының қуаттылығы:
  • Концентрациялы күкірт қышқылы – 1 500 тонн/тәулік, 500 000 тонн/жыл;
  • Жоғары қысымдағы бу 80 000 кг/сағат;
  • Қысым 43 бар(а), температура 400º С.

19,9 мегаватт көлемінде өндірілген электр энергиясы зауыттың қосалқы өнімі болмақ. Бұл электр энергиясы өз кезегінде өндірістің қажетіне жұмсалып, сондай-ақ жалпы аудандық электр тармағына да берілетін болады.

Зауыт аумағында тұрмыстық және өнеркәсптік ағындарды, сел кәріздерін, қазандықтағы су айналымы циклын тазалап отыратын жергілікті станса жобаланған. Зауыт мамандары одан брикеттелген қалдықтар мен егін суғаруға жарамды тазартылған су алады. «СКЗ-U» ЖШС ұстанған басты ұстанымдардың бірі – қоршаған ортаға зиян тигізбеу. Серіктестікті халдықаралық сапа, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі ISO 9001:2004, ISO 14000:2004 және OHSAS 18000 стандарттарына сәйкес сертификаттау қарастырылған.

Зауыт жаңадан 200 жұмыс орнын ашуды көздесе, соның 90 пайызына жергілікті тұрғындар қабылданады. Құрылыс кезінде (шамамен үш жыл) 500 шақты адам уақытша жұмысқа тартылады. Зауыт қызметкерлерінің техникалық құрамын оқыту бағдарламасы 2010 жылы басталады.

«СКЗ-U» ЖШС бас директоры - Бекжанов Мәдихан Әріпұлы.

 
Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы
050012, Алматы қ.
Байтұрсынов көшесі 85, 19-кеңсе.
Тел.:  +7 /727/ 2448169/73/74/75
Факс: +7 /727/ 2390613.
office@sapu.kz