Степногор таукен-химия комбинаты

«Степногор таукен-химия комбинаты» (СТХК) ЖШС 2004 жылғы 9 қыркүйекте құрылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сенімді басқаруына таукен өндірісі мен қайта өңдеу кәсіпорындарының кешені берілген. СТХК-ның негізгі өндіріс жұмыстарын бірқатар бөлімшелері мен еншілес құрылымдар қамтамасыз етеді.
 
Шаңтөбе кеніші

Кеніш Степногор қаласынан батысқа қарай 300 шақырымдық қашықтықта орналасқан. Кәсіпорынның шикізат базасын уран-молибден және уран кендерін жерастылық (шахталық) әдіспен игеріп жатқан «Шығыс» және «Звездное» кен орындары құрайды. Кеніш базасында инфрақұрылымы дамыған, көп қолыйлыққа ие 7 мың тұрғындық Шаңтөбе жұмысшылар кенті бой көтерген. Оның қалыпты өмір ырғағын сақтап тұруы үшін комбинат «Шаңтөбе-Энерго» және «Агро-Шанс» ЖШС-терін құрған. Сондай-ақ, кеніштің үздіксіз жұмыс істеуі үшін не қажеттің бәрімен қамтамасыз ететін қосалқы цехтар кешені бар.

«Қызылту» ЖШС

Аталмыш Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Степногор қаласының шығысында 90 шақырым қашықтықта орналасқан мыс-молибден кен орнын игеріп, алынған өнімді одан әрі Гидрометаллургия зауытының (ГМЗ) өндірістік алаңдарында қайта өңдеумен шұғылданады. Байыту фабрикасының жобалық қуаты жылына 1 000 000 тонна кенішке тең болып, одан әрі оны 2 000 000 тоннаға кеңейту мүмкіндігі мол.

Гидрометаллургический завод

Степногор таукен-химия комбинатының ГМЗ-ы жобалық өнімі саналатын құрамында ураны бар кеніштерден басқа Оңтүстік кен басқармаларының табиғи уран концентраттарын да қайта өңдейді.Зауытта тазалығы жоғары молибден тұздарын алу үшін жеткілікті қуат бар. Гидрометаллургиялық зауытта уран кендерін қайта өңдеудің дәстүрлі әдістерімен қатар төменгі сортты және кондициялық емес кендерден жентек шаймалау тәсілімен өңдеу жолға қойылған. Жүргізілген жаңартулар нәтижесінде ГМЗ өндіріс өнімділігі жобалық қуаттағыдан дерліктей үш есеге артып, бүгінгі күні жылына 3000 тонна уран тотығы-шала тотығын құрайды. Зауытта өндірістік қуаты жылына 500 000 тонна кенге тең молибден байыту фабрикасы салынып, іске қосылған.

Күкірт қышқылы өндірісі

Күкірт қышқылы уран кен орындарындағы жерасты шаймалау үдерісіндегі маңызды құрамдас бөлік саналады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған Күкірт қышқылы зауытының 2006 жылғы 10 қыркүйекте қайта іске қосылуы комбинат үшін басты өндірістік міндеттердің бірі болды. Болжанып отырылғанындай, болашақта күкірт қышқылына деген сұраныстың артуына байланысты қазіргі таңда италияндық серіктестермен бірге өндірістік қуаты жылына 180 мың тоннаға тең заманауи күкірт қышқылы зауытын жобалау және монтаждау бойынша жұмыстар жүргізуде. Зауытты іске қосу 2009 жылға меделенген.

«Степногор Темiр Жолы» ЖШС

Кәсіпорын комбинатқа шикізат, материалдар және құрал-жабдықтар жеткізіп берумен, сондай-ақ дайын өнімді жөнелтумен шұғылданады. Сол сияқты, темір жолмен СТХК-ның өндірістік алаңында олрналасқан кәсіпорындар үшін көмір, мазут және химиялық реагенттер, сондай-ақ қала маңына жолаушы тасымалданады.

Әлеуметтік жауапкершілік

Жыл сайын СТХК аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға арнап қомақты қаржы аударып келеді. Мәселен, 2008 жылы осы мақсатқа 39 млн. бөлінді, бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көп. Өз қызметкерлерінің, олардың отбасылары мен кәсіпорын ардагерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту бағытында жасалар қамқорлықтан басқа СТХК мемлекеттік құрылымдарға, балалар үйлеріне, мешіт және шіркеулерге, мектептерге, спортшылар мен көркемөнерпаздарға демеушілік көмегін ұсынып келеді.

«Степногор таукен-химия комбинаты» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы - Белорусов Виктор Николаевич.
 
Байланыс үшін ақпарат:
 021500 Қазақстан Республикасы,
Ақмола обл., Степногор қ.,
4 мөлтекаудан, 2-ғм, а/ж 34.

Тел.:   +7 /71645/ 61002
Факс:  +7 /71645/ 62816, 62410, 61504
info@sghk.kz