Сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтары
Әлемде танталды пайдаланудың негізгі сегменті сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтары болып табылады. Аталмыш ұнтақтар негізінен тантал конденсаторлары өндірісінде қолданылады. Ол өз кезегінде телекоммуникация, компьютерлер, автомобиль және тұрмыстық техника салаларындағы жоғары технологиялық заттарда пайдаланылады.
Тантал рыногының басты тұтыну саласы және оның қозғаушы күші конденсатор жасау болғандықтан, жоғары технологиялық тантал өнімдері өндірісін жасау жөніндегі стратегия шеңберінде технологиялық зерттеме әзірленіп, сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтарын шығару қолға алынды.
«30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның серпінді жобаларының бірі ретінде 2008 жылғы 11 желтоқсан күні Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын шығаратын цех ашылды. Зауыттың Тантал өндірісі бөлшектері дамыған және жарқыншақ формадағы модифицияланған сыйымдылығы жоғары ұнтақтар шығару технологиясын жолға қойды.
Ұнтақтардың тәжірибелік партиясы Ресейдегі тұтынушыларда біліктіліктен (квалификация) сәтті өтті. Сондай-ақ, қазіргі кезде Жапония мен Израильде де квалификация жүргізілуде. Сыйымдылығы жоғары ұнтақтардың жартылай өнеркәсіптік партияларын тестілеу үшін Еуропа мен АҚШ-тағы тұтынушылармен келісімдер жасалуда.
Сыйымдылығы жоғары ұнтақтардың өндіріс көлемін ұлғайту үлес заряды 80 мың мкКл/г-ге дейінгі ұнтақ өндірісіне арналған жабдықтардың 2-ші кезегін іске қосу арқылы қамтамасыз етілуде. Бұл өнім шығару көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
