Тантал өндірісін дамыту
Тантал (Та) – электронды технологияда (Та конденсаторлар, оптоэлектроника, шаңдататын нысаналар), авиажасау, химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі, механикалық өңдеуде (аса қатты қорытпалар) қолданылатын металл. Танталдың жоғары ыстыққа төзімділігі, коррозияға мүлде шалдықпайтындығы оны болашақтың металы етеді.
Үлбі металлургия зауытының («Қазатомөнеркәсіп» холдингі құрамында) Тантал өндірісі құрамында тантал-ниобий бар шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын өнімге дейінгі толық өндірістік циклға ие ТМД аумағындағы жалғыз және дүние жүзіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болып отыр.
Жоғары технологиялық тантал өнімдері өндірісін құру бойынша стратегия шеңберінде мыналар жоспарланған:
- Өндірісті тантал-ниобий шикізатымен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру;
- Сыйымдылығы жоғары конденсаторлы тантал ұнтақтарын шығару;
- Прокат, сым және нысаналар өндірісі;
- Конденсаторлық зауыт құрылысы.
Аталмыш стратегияны жүзеге асыру қосымша құны жоғары және жаңа тұтынушылық қасиеттерге бай өнімдерді шығаруды ұйымдастыруға, сондай-ақ өз қызметін тұтынушылардың, қызметкерлердің және жалпы қоғамның ұзақ мерзімді мүдделеріне бағыттай отырып, әлемдік тантал өнімдерін өндірушілер арасында жетекші шепті иеленуге мүмкіндік береді.
