Тантал және ниобий

Үлбі металлургия зауытының Тантал өндірісі құрамында тантал-ниобий бар шикізаттарды қайта өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклға ие әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі.

Тантал өндірісінің сапа менеджменті жүйесінің EN ISO 9001:2000 талаптарына сәйкестігі TUV CERT TUV Thuringen e.V. ұйымы тарапынан сертификатталған.

Танталқұрамдас өнімдер:
  1. Тантал құймалары;
  2. Тантал прокаты;
  3. Танталды чипсылар;
  4. Конденсаторлы тантал ұнтақтары;
  5. Конденсторларға арналған материалдар;
  6. Иттриймен қосындыланған тантал. Құймалар, прокат.
  7. TaW құймалары. TaW-дан жасалған өнімдер.
Ниобийқұрамдас өнімдер:
  1. Nb құймалары;
  2. Nb чипсылары;
  3. Прокат: пластина, таспа, фольга, табақ, табақшалар;
  4. Шыбықтар, сымдар;
  5. Ниобий ұнтақтары;
  6. NbTi қорытпасының құймалары;
  7. NbZr қорытпасының құймалары және олардан жасалған бұйымдар.
  8. Тантал мен ниобийден жасалған бұйымдар.

Толығырақ мағлұматтар алу үшін мынаны басыңыз.