Таукен компаниясы («ТК»)
«Таукен компаниясы» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын 2004 жылы жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру мақсатында құрылған.«ТК» ЖШС қызметі ураны бар және басқа да түрлі пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздеу, өндіру және қайта өңдеу, ядролық материалдарды экспорттау және импорттау, тасымалдау, инжиниринг, маркетинг және сервистік қызметтер көрсету, шетелдік атом-энергетикалық кешендер мен ядролық-отындық кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды дамытуды қамтыған.
1. өндіруші кәсіпорындар:
- «Таукент таукен-химия кәсіпорны» ЖШС;
- «Степное-КБ» ЖШС;
- «РУ-6» ЖШС.
- «ТК» ЖШС филиалы «Ақпаратты өңдеу орталығы» - бухгалтерлік есеп және ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсету.
- «Көлік-сауда компаниясы» ЖШС - көлік қызметі, жүк тасымалдау;
- «Жөндеумонтажқызмет» - полигондарды магистральды және блок ішінде шанду; жөндеу-механикалық қызметтері; стандартсыз жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жасап шығару; жоспарлы-ескертпелі жөндеу жүргізу;
- «Геотехноқызмет» - біріккен кәсіпорындар үшін таукен жұмыстарын жоспарлау, геофизикалық зерттеулер жасау;
- «Бақылау, сараптама, метрология» қызмет орталығы» ЖШС.
2008 жылы «Таукен компаниясы» ЖШС-не «2010 жылға қарай – 15000 тонна уран» бағдарламасын Қазатомөнеркәсіп холдингінің уран өндіруші кәсіпорындары тарапынан орындалуын бақылау жауапкершілігі жүктелді. Сол мақсатта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-нан төмендегі уран өндіруші кәсіпорындарға қатысты басқару қызметі «Таукен компаниясына» берілді:
Жер қойнауынан пайдалану жөніндегі келісімге сәйкес компания аймақтың әлеуметтік саласын өркендетуді қаржыландыру міндетін мойнына алған (Оңтүстік Қазақстан облысындағы Таукент, Қыземшек және Қызылорда облысындағы Көкшоқы кенттері). «Таукен компаниясы» ЖШС әлеуметтік-экономикалық маңызды нысандардың қалыпты жұмыс істеуін қаржыландырады. Бұл уран өндіруші кәсіпорындар базасында қалыптасқан елді мекендерде тұратын қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігінен туындаған қамқорлық.
Бүгінгі таңда компаниядағы қызметкерлер саны 3500 адам шамасында.
«Таукен компаниясы» ЖШС бас директоры - Ниетбаев Марат Әбенұлы
Заңды мекен-жайы –
050010, Алматы қ., Қалдаяков көшесі, 79.
