Толық ЯОЦ құру
Қазіргі кезде әлемдік атом энергетикасы ерекше кезеңді бастан кешуде. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттік болжамына сәйкес, жақын арадағы 25 жылда энергияға деген сұраныс екі есеге дейін артпақ. Дәстүрлі энергия көздері – мұнай, көмір және газ адамзаттың энергияға деген сұранысын қанағаттандыра алмайды. Әлемдегі экологиялық ахуалдың күн санап нашарлауын ескерсек, атом электр стансасының тиімділігін түсінеміз. Ал органикалық энергия көздерінен жұрдай елдер үшін, атом энергетикасын дамыту – тығырықтан шығатын жалғыз жол. Уранды тасымалдау әдісі аса қарапайым, оның үстіне ураннан энергия алуға жұмсалатын шығын көмір мен газбен салыстырғанда 4-6 есе арзан түседі.
ХХІ ғасырда уран жаһандық экономиканың стратегиялық өніміне айналды. Бүгінде өндірілетін әлемдік электр энергиясының 15% уранның үлесінде. Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметтерінше, 2009 жылғы наурыздың басында әлемде 436 ядролық реактор жұмыс істеп тұрды, 43 реактор жаңадан құрылып жатты, тағы 108 реактор жобалық дайындық кезеңінде болды, 266 жоба қарастырылып жатты. Демек, дүние жүзінде жаңадан жалпы 417 реактор салынатын болады.
Қарқындап келе жатқан әлемдік энергия тапшылығының алдын алу үшін, атом энергетикасын дамыту қажеттілігі бүгінгі күні тайға таңба басқандай анық жәйт. Осыған орай, жеткілікті мөлшерде жаңа қауіпсіз АЭС салу және оларды ядролық отынмен тұрақты түрде қамтамасыз ету заманымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Әлемдік атом энергетикасын дамыту және қалыптастыру мерзімдерін нақпа-нақ белгілеу жалпы әлемдік мақсат – атом энергетикасын тиесілі деңгейге жеткізіп, әлемдік энергия тапшылығын қақпайлауға септігін тигізеді.
Қазатомөнеркәсіп әлем елдеріне бейбіт атом энергетикасын дамытуда халықаралық бірлесу тұжырымдамасын пайдалануды ұсынып отыр. Төніп келе жатқан табиғи уран тапшылығы, конверсия қызметі мен байыту мәселелері, отын құрамаларын шығару және қауіпсіз әрі сенімді атом стансаларын салу бір елдің күшімен шешіле салмайды. Әлемдік энергия тапшылығын болдырмау үшін ядролық-отын айналымының тізбектерін дамыту мәселелерін кеңейтілген халықаралық бірлестік құру арқылы шешу керек.
Энергиямен қамтамасыз етудің осы бір тұжырымдамасына сүйене отырып, Қазатомөнеркәсіп 2005 жылдан бастап тігінен интеграцияланған трансұлттық компания құру бойынша стратегиясын іске асырып келеді. Ол стратегияға сәулеленген отынды қайта өңдеу және радиоактивті қалдықтарды орналастырудан өзге ядролық-отын айналымының барлық тізбектері кіріктірілген.
Ядролық отын айналымының сызбасы
Жасыл: Қазатомөнеркәсіп жүзеге асырған ядролы-отын айналымының тізбектері ;
Көк: Қазатомөнеркәсіп компанияны дамыту стартегиясын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілген ЯОА тізбектері;
Қызыл: құрылысы жоспарда жоқ өндірістер.
Қазақстанда бұрыннан бар ядролық-отын айналымының кейбір тармақтары тарихи жағдайлар нәтижесінде пайда болы. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның уран өнеркәсібі күрделі бірегей құрылымның бір тармағ ғана болатын. Ол «Орташа машинақұрылыс министрлігі» деп аталатын ядролық әскери-өнеркәсіптік кешен қарамағына енген. КСРО ыдыраған соң, Қазақстанда ядролық отын айналымының үздіктелген тізбектері ғана қалды: табиғи уран өндірісі және отын таблеткаларын шығару.
Әлемдік атом энергетикасының жетекші ойыншыларымен конверсиялық, байыту және отын құрамасы өндірістерін құруға қатысты келісімдерге қол қойя отырып, 2008 жылы Қазатомөнеркәсіп трансұлттық тігінен-интеграцияланған компания құру жоспарын мәресіне жеткізді.
Қазіргі күні компания төмендегі бағыттар бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмыстар атқаруда:
Аталған бағдарламаларды іске асыру арқасында «Қазатомөнеркәсіп» атом энергетикасының әлемдік нарағында жетекші орын алуға, компанияға және ел бюджетіне қосымша түсім әкелетін мейлінше толық үстеме құнды дайын өнім түрінде уран экспортын қамтамасыз етуге ниетті.