Уран өндіру

Әлемдік экономика атом электр стансаларының жұмысы арқасында дамитыны бүгінгі күні айдан анық ақиқат. Бірте-бірте көптеген мемлекеттер атом реакторларының құрылысына қатысты амбициялық жоспарларын жария етуде. Осы жәйт болашақта орын алатын уран өніміне деген тапшылықты қанағаттандыру мәселесін туындатады. Осы үрдісті ескере келе, бірегей табиғи ресурстарды, қоршаған ортаға залалсыз тиімді технологияларды және заманауи басқармалық қабілетті пайдалана отырып "Қазатомөнеркәсіп" уран өндірісін қарқынды арттыруға бағытталған - "2003 жылғы 3000 тоннадан, 2010 жылға қарай - 15 мың тоннаға дейін" атты бағдарламаға бастамашы болды.

Аталған бағдарлама аясында Қазақстанда 16 жаңа кеніш іске қосылады деген жоспар қарастырылған. Нарық талабына сәйкес, алдағы уақытта еліміз өндіріс мөлшерін сұранысқа сай арттырып отырады.

Кеніш атауы

Кәсіпорын атауы

Іске қосу мерзімі

Өндірістік қуаттылығы (жылына тонна

1

Ыңғай, 1, 2, 3-телім

 "Ыңғай" БК

2004

4000

2

Оңтүстік Мойынқұм

 «Катко» БК

2006

1000

3

Шығыс Мыңқұдық

 "Таукен компаниясы" ЖШС

2006

1000

4

Заречное

 «Заречное» БК

2006

1000

5

Ыңғай, 4-телім

 "Бетпақ Дала" БК

2007

2000

6

Орталық Мыңқұдық

 «Кең Дала.kz» ЖШС

2007

2000

7

Буденовское, 2-телім

 «Қаратау» ЖШС

2007

1000

8

Төртқұдық

 «Катко» БК

2007

2000

9

Қанжуған, Қайнар телім

"Таукен компаниясы" ЖШС

2008

300

10

Батыс Мыңқұдық

 «ӘППАҚ» ЖШС

2008

1000

11

Қорасан 1

 «Қызылқұм» ЖШС

2008

3000

12

Иіркөл

"Семізбай-U" ЖШС

2008

750

13

Семізбай

"Семізбай-U" ЖШС

2009

500

14

Буденовское, 1-телім

"Ақбастау" АҚ

2009

1000

14

Буденовское, 3, 4-телім

"Ақбастау" АҚ

2010

2000

15

Қорасан 2

"Байкен-U" ЖШС

2009

2000

16

Оңтүстік Заречное

«Заречное» БК

2010

1000