Уранэнерго
«Уранэнерго» ЖШС 2006 жылғы қазан айында ұдайы дамып отырған уран өндіруші кешенді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Қазатомөнеркәсіптің бірқатар біріккен және еншілес кәсіпорындары қатысуымен құрылған.«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының мына біріккен және еншілес кәсіпорындары «Уранэнерго» ЖШС құрылтайшылары болып табылады:
«Кен Дала.KZ» АҚ, «Қызылқұм» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Бетпақ Дала» БК» ЖШС, «Таукен компаниясы» ЖШС, «Ыңғай» БК» ЖШС, «Әппақ» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Ақбастау» ЖШС.
Қазіргі кезде кәсіпорын Қазақстанның оңтүстік өңірінің батыс және солтүстік бөлігінде орналасқан қолданыстағы және жаңадан құрылып жатқан уран өндіруші кеніштерді тәуелсіз энергиямен қамту жобасын жүзеге асыруда. Уранэнерго трансформаторлық қосалқы стансалар, электр бөлу тармақтары, әуедегі және жер астындағы кабель желілері құрылысын жүргізеді және пайдаланады, сондай-ақ электр энергиясын жеткізу және тарату, энергетикалық жабдықтарды монтаждау мен жөндеу қызметін көрсетеді. Еліміздің Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уран өндіруші кешеннің қажеті үшін электр энергиясын жеткізу және тарату бойынша қызмет көрсетуді бастау 2008 жылғы қазан айына белгіленген.
Оңтүстік Қазақстан облысының Таукент және Қыземшек кенттеріндегі, Қызылорда облысының Шиелі кентіндегі тұтынушыларды жылу-су-электрмен жабдықтау және су тарту қызметін атқаратын «Таукент-Энергосервис» ЖШС мен «Шиелі-Энергосервис» ЖШС 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап «Уранэнерго» ЖШС құрамына енді.
«Уранэнерго» ЖШС бас директоры - Рамазанов Мұрат Зикенұлы.
Байланыс үшін ақпарат:
