VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2010 жылдың 14-16 қыркүйегінде Алматы қаласының
RIXOS-Almaty қонақ үйінде өткен «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфенерцияның жұмысы туралы қорытынды құжат
Қазақстанның ядролық жиынына 15 елдің: Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызия, Франция, Германия, АҚШ, Англия, Норвегия, Қытай, Монголия, Швейцария, Финляндия және Австралияның өкілдері ғылыми-техникалық және өндірістік салалардағы әлемдік уран компанияларының бірігуі мақсатында RIXOS-Almaty қонақ үйінің ғимаратында бас қосты.
«Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфенерцияның Ұйымдастыру комитеті Форум делегаттарына қымбат уақыттарын бөліп Конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін, қызықты, пайдалы және пайымды ақпараттармен таныстырғаны үшін, ғылыми жаңалықтарымен, графикасымен, сызбаларымен, көрнекі суреттерімен толықтырылған қажетті ақпарат пен баяндамалар мәтіндерін уақтылы және оларды баспаға дайындау талаптарына сай ұсынғаны үшін – секретариатқа көрсеткен көмегі мен ықпалы үшін ризашылығын білдіреді. Конференцияның қатысушылары барлық баяндамашылар сөздеріне және қойылған экспозицияларға ынтамен және шынайы ықыласпен ден қойды. Конференцияға қатысушылардың баяндамаларын қызу талқылауы, пікірлер мен айтылған тілектер - өткізіліп отырған шараның пайдалылығы мен маңыздылығын жарқын көрсеткіші, сол сияқты қазіргі кездегі атом саласының қатты дамуы заманындағы қажеттілігі бола алды.
Ұйымдастыру комитеті Дөңгелек үстелге қатысушылардың бәріне, шараларды нақты ұйымдастырғаны және тыңғылықты өткізгеніне жылы сөз айтқандарға, ізеттілігі мен құрметі үшін алғыс білдіргендеріне, шын ризалығын білдіреді.
VI Конференцияға қатысуға Ұйымдастыру комитеті уран өнеркәсібінің, атом және сирек металлдық саланың жетекшілерін шақырғанын атау қажет. Конференцияға, жалпы алғанда, 99 кәсіпорындардың, ұйымдар мен компаниялардың 300-дей делегаттары қатысты: Қазақстаннан – 43; Ресейден – 26; Украинадан – 2; Өзбекстаннан – 2; Қырғызиядан – 5; шетелдік компаниялардан – 21.
Конференцияда уран өндіру және уран өнімдерін алу технологиясына; ядролық отын циклдері технологиялары мен мәселелеріне; геология, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс қауіпсіздігі, атом өнеркәсібі үшін сирек элементтер шығару; атом энергетикасы мен реактор жасау мәселелеріне байланысты тақырыптар талқыланды. Конференция тақырыбына бірінші рет энергияның жаңаланатын және балама көздері жөнінен мәселелер кірді. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік, өндіруші уран саласы мен атом энергетикасы үшін білікті кадрлар дайындау және қайта дайындау, сондай-ақ ядролық индустрияның барлық кешенінің жемісті қызметіне қатысты мәселелерге маңызды орын берілді.
Дөңгелек үстелдегі айтылғандар, сөзталастарда және пікірлер алмасу кезінде айтылғандар мен ұсыныстар:
- уран өндіру және уран өнімдерін алу технологиясына; ядролық отын циклдері технологиялары мен мәселелеріне; геология, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс қауіпсіздігі, атом өнеркәсібі үшін сирек элементтер шығару; атом энергетикасы мен реактор жасау мәселелеріне байланысты өзекті мәселелер жөнінен бірінші кезекті жұмыстар айқындалды;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің аса маңызды мәселелері аталды;
- энергияның жаңаланатын және балама көздеріне ерекше назар аудару ұсынылды және келесі конференция жұмысында осы тақырып жөнінен қатысушылар санын кеңейту;
- уран өнеркәсібі мен атом энергетикасы үшін білікті кадрлар дайындау және қайта дайындауға ерекше назар аудару ұсынылды, келесі конференция жұмысына, ұйымдастыру жарнасын төлеусіз, Қазақстан ЖОО-дарының бейінді факультеттерінің студенттері шақырылуына сенім білдірілді;
- атом-өнеркәсіптік кешені нысандарын қорғауды ұйымдастыру, құқықтық, нормативтік және макроэкономикалық жәйттар жөнінен өзекті мәселелері бойынша баяндамалар болмағаны аталды.
Дөңгелек үстел аяқталарда Қазақстанның Ядролық қоғамы қызметкерлерін «ҚР атом өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісімен марапаттау өтті және «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС пен ядролық энергетиканың Монгол агенттігі арасында Меморандумға қол қойылды.
Конференция жұмысы қала бойынша экскурсиямен, Алматының қыран өсіру шаруашылығына барумен аяқталды.
Келесі дәстүрлі - «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты VIІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфенерция 2012 жылдың қыркүйегінде өтеді. Өткізетін орын мен күндері нақтыланып, кейінірек Қазақстан ядролық форумы әлеуетті қатысушыларының бәріне хабарланады.
Конферецияның Жауапты хатшысы
Горкун Валентина Ивановна:
Телефоны: 8(727) 2-44-81-76 (ішкі 12-72)
Факс: 8(727) 2-95-45-59
