Ве қола прокаты
Қытай рыногының келешегін ескере отырып, «ҮМЗ» АҚ 2006 жылы Қытайда бериллий қоласынан прокат жасау бойынша қазақстан-қытай біріккен кәсіпорнын ашу керек деген шешімге келді. Біріккен кәсіпорын құруға ниет білдірген әлеуетті серіктестерді қарап шыққаннан кейінгі таңдау Shine Copper Industry Co., Ltd компаниясы құрамындағы Ningbo Xinye Electronic Copper Strip Co. компаниясына түсті.
Сөйтіп, өмірге келген “YINGTAN ULBA SHINE METAL MATERIALS COMPANY LIMITED” қытай-қазақстан біріккен кәсіпорны 2007 жылғы қарашада Қытай Халық Республикасында тіркеуден өтті.
БК мақсаты: жоғары сапалы өнімдерге деген қытай қажетін қамтамасыз ету үшін төзімділігі жоғары және асқан өткізгіш мыс-бериллий қорытпасынан жасалған жайпақ прокат шығаратын зауыт салу.
БК-дағы үлестердің бөлісі: 50% - 50%.
Кәсіпорынның қысқарған атауы: «Ulba Shine Co., Ltd.»
Аталмыш кәсіпорынның құрылуы жоғары технологиялық өнімдер рыногына шығуға, «ҮМЗ» АҚ-ның бериллий өндірісінде өндірілген өнімдерді өткізу көлемін ұлғайтуға, Қытай рыногына барынша жоғары бөлістегі өнімдермен қатысу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
БК өнімдері: бериллийлі қоладан жасалған таспа және басқа да заттар (мұның ішінде бериллийлі қолдан жасалған табақ, шыбық, сым және сұрыпты прокат та бар) дайындау және өндіру.
Өндіріс көлемі: өнімдердің барлық түрінен жыл сайын 2 000 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Тараптардың өзара келісіміне қарай өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.
Өнім өткізу: БК өнімдері қытайлық және шетелдік рынокта сатылатын болады. Shine Copper Industry компаниясы өз саласы бойынша тұтынушыларының кең шеңбері арасында жоғары құрметке ие. Компанияның дистрибьютерлік тармағын пайдалану шығындарды кемітіп, жаңа өнімді түпкі тұтынушыға дейін жеткізуді жеңілдетеді.
Бериллийлі қола өндірісін жасаудың бастапқы кезеңінде бериллийлі қола құймаларын алудың сыналатын балқымасы жүргізілді. Балқыту учаскесін сынақтан өткізуден көзделген басты мақсат негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылап көру еді. Сынақ барысында желдеткіш жүйесінің жұмысы тексеріліп, бериллийлі қола құймалар өндірісінің технологиясын істеп шығуға және өндірістің осал тұстарын табуға назар аударылды.
Екінші кезеңде прокат өндірісі ұйымдастырылып, дайын өнімнің тестілік партиясы алынды.
Заңды мекен-жайы:
335000, Интань индустриальды паркі,
Цзянси, Қытай
(335000 Yingtan Industrial Park, Jiangxi, China)
Аңғарту
Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd. («Xingye») компаниясы 1998 жылы құрылған. 2006 жылы жалпы өнім сату көлемі US $40 млн. экспортты қоса есептегенде US $150 млн. құрады, салық салынғанға дейінгі табыс US $8 млн. жетті. Xingye мыс негіздегі қорытпалардан жасалатын жоғары дәлдіктегі материалдар өндірісінде бай тәжірибеге ие. Қазіргі кезде «Үш шеңбер» сауда маркасымен шығарылатын мыс қорытпаларынан жасалған таспалар дайындаудың жылдық көлемі 20 000 тоннадан асып түседі. Xingye компаниясы Қытай түрлі-түсті металдарды қайта өңдеушілердің өнеркәсіптік қауымдастығы хатшысының орынбасары, Ауыр түрлі-түсті металдар қауымдастығы хатшысының орынбасары, Мысты қайта өңдеу жөніндегі халықаралық кеңестің (IWCC) мүшесі болып табылады. Xingye өнімдерінің басты түрлеріне фосфор қоласынан, никель-күміс қорытпасынан, мыс пен жезден жасалған жоғары дәлдіктегі таспалар мен табақтар, сондай-ақ интегральды микросызбалар үшін сыртқа шығарылатын өткізгіштер аясында қолдану үшін мыстан жасалған арнайы мақсаттағы таспалар жатады. Өнімдер электроникада, электрлі аспаптарда, телекоммуникацияда, телевидение мен радиотаратуда, тұрмыстық техникада, автомобиль өнеркәсібі мен энергетикада кеңінен қолданылады. Xingye компаниясы ISO 9001-2000 Сапа жүйесі және ISO14000 Қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша сертификатталған.
