Волковгеология
«Волковгеология» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының уран кен орындарын іздеу мен барлаудан бастап оларды өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дейінгі қызметінің барлық түрінде геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Волковгеология - Қазатомөнеркәсіп құрамындағы көне кәсіпорындардың бірі. Волков экспедициясы 1948 жылы 1 қаңтарда КСРО Геология министрлігі жанынан қорғаныс кешенінің минералды-шикізаттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан аумағында уран кендерін іздеу және барлау мақсатында құрылған.
Өзінің 60 жылдық тарихында Волковгеология Қазақстанның көптеген аймақтарында 40-тан астам уран кен орындарын анықтап, 1,5 млн. тоннадан артық (дүние жүзіндегі барланған уран қорының 19%) жиынтықталған уран қоры бар әлемдегі ірі минералды-шикізат базаларының бірін қалыптастырды. Бұл базаның негізін гидрогенді үлгідегі, жоғары рентабельді және экологиялық қауіпсіз жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен игеруге жарамды 19 ірі әрі бірегей кен орындары құрайды.
- Уран тасығыш денелердің болашағын зерттеу, уран кен орындарының сіңірмелі қабаттарын іздеу және барлау;
- Технологиялық ұңғымаларды бұрғылау және салу, пайдаланылатын барлау ұңғымаларын бұрғалау;
- Қозғалмалы бұрғылау қондырғыларын жасап шығару және жөндеу, таукенбұрғылау қондырғылары мен автокөлікті жасау және күрделі жөндеу;
- Тау жыныстары мен жерасты суларындағы радиоактивті және ілеспе элементтерді анықтау бойынша сараптамалық жұмыстар.
Сонымен қатар, «Волковгеология» АҚ Қоршаған ортаны қорғау министрлгі тарапынан Қазақстан аумағында радиоэкологиялық жағдайды бағалау бойынша жұмыстарды атқарушы және бас куратор болып табылады. Соңғы жылдары орындалған радиоэкологиялық зерттеулер тұрғындардың 82% өмір сүретін ел аумағының үштен екі бөлігін қамтыған.
Қазақстанның әлемдегі ірі уран өндірушіге айналуына мүмкіндік беретін Қазатомөнеркәсіптің «2010 жылға қарай - 15000 тонна уран» бағдарламасын жүзеге асыруда Волковгеологияға өз ерекшелігіне сай стратегиялық рөл берілген. Соңғы үш жылда бұрғылау жұмыстарының көлемі үш есеге (!) ұлғайды. Есептеулерге сәйкес, Волковгеология 2008 жылы жалпы 1 млн. 700 мың метр бұрғылаған.
Өндіріс қарқынын одан әрі арттыру үшін жаңа технологиялық шешім қабылданды. Жапонның Marubeni және Koken компанияларымен біргелікте ұңғыманы бір тәулік ішінде орнатуға қабілетті технологиялық ұңғыманы кешенді бұрғылау бойынша әлемдегі алғашқы қондырғы жасап шығарылды. Жақын күндері оны тәжірибелік пайдалануға енгізу жоспарланған. Металл құрылманың 80 пайызына дейін Волковгеологияның өзінде жасалуы станок бағасын айтарлықтай арзандатады. Өндіріс өнімділігін арттыру компанияға қорларды босатуға және әлемдік рынокқа қазақстандық уранды үздіксіз жеткізіп беруді қамтамасыз ету мақсатында жаңа кен орындарын іздеу мен барлауға жете баса назар аударуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Волковгеологияда үш мыңдай адам еңбек етеді. Жоғары біліктілік және кәсіби шеберлік арқасында ұжым кәсіпорын қызметінің әрбір сатысында әлемдік және отандық геологияның соңғы зерттемелерін, кен орындарын болжаудың, іздеу мен барлаудың жаңа әдістерін қолданып келеді.
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ.,
Бөгенбай батыр көшесі, 168
Тел: 8 /3272/ 926017
Факс: 8 /3272/ 501359
e-mail: priemnaya-vg@kazatomprom.kz
