Заречное

«Заречное» БК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы аумағында орналасқан «Заречное» уран кен орнын бірге пайдалану мақсатында құрылған.

Құрылтайшылары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Уран таукен компаниясы» ААҚ (Ресей Федерациясы) және «Қарабалта таукен комбинаты» АҚ (Қырғыз Республикасы).

Біріккен кәсіпорын алдына қойылған міндет - жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру, «сары кек» алынатын өнімді қойыртпақты алғашқы қайта өңдеу, уран тотығы-шала тотығын экспорттау.

Кәсіпорынның «Заречное» кен орнында жылына 1000 тонна табиғи уран өндірілетін жобалық қуатқа жетуі 2011 жылға межеленген.

2009-2014 жылдары «Оңтүстік Заречное» кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік уран өндірумен қатар геологиялық барлау жұмыстарын қоса жүргізу және соңынан жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жылына 600 тонна табиғи уран өндіретін кеніш орнату жоспарланған. Сөйтіп, екі кен орнындағы кәсіпорын қызметі 2038 жылға дейін жалғаспақ.

Кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ҚР қолданыстағы заңнамалық актілері талаптарына сай ұйымдастыруда.

Аймақты әлеуметтік дамыту бағдарламасы аясында «Заречное» БК Темір стансасында ұзындығы 4,4 шақырымдық, ал аудан орталығы Шәуілдірде Арыс өзені үстінен өтетін көпірі бар ұзындығы 18,2 шақырымдық айналма автомобиль жолдарын салып бітірді. Кәсіпорын Көксарай, Темір және Шәуілдір кенттеріндегі әлеуметтік маңызды нысандарды жөндеу және қаржыландыру ісінде жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына көмектесуде. Лицензиялық-келісім шарттарын орындау аясында «Заречное» БК Отырар ауданында әлеуметтік нысандарды салып жатқан «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-не жыл сайын қаржы аударып тұрады. Сонымен қатар кәсіпорын Шымкент қаласындағы №3 балалар үйіне, Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталығына және Шәуілдірдегі аудандық мектеп-интернатқа тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіп келеді.

«Заречное» БК» АҚ бас директоры – Медео Рустам Қалыбекұлы.

Байланыс үшін ақпарат:
 
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ.

Бөгенбай батыр көшесі 168, 424-кеңсе

Тел.   +7 /727/ 259-88-64
Факс. +7 /727/ 259-88-63
 
zarechnoe@zarechnoe.kz