Жоғары технологиялар институты
«Жоғары технологиялар институты» (ЖТИ) ЖШС 2002 жылғы 5 ақпан күні Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібін иннвациялық дамыту мінддеттерін шешу үшін салалық ғылыми институт ретінде құрылған.
Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Волковгеология» АҚ және «ҮМЗ» АҚ.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясына біріктірілген Қазақстанның уран өнеркәсібі ғылыми, жоғары техникалық өндірістік кешен болғандықтан оның тиімді жұмыс істеуі жеткілікті деңгейде ғылыммен қамтамасыз етуді қажет етеді. Еліміздің әрекеттегі атом өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында ЖТИ дайындық деңгейі жоғары өнімдердің жаңа түрлерін өндіру технологиясын жасаумен шұғылданады.
Бүгінде ЖТИ уран саласын дамытуды тиімді түрде ғылыми жағынан сүйемелдеу инфрақұрылымының негізгісі болып отыр. ЖТИ құрылымы ғылыми идеядан зерттеме жасауға дейінгі және оны өндіруден бастап түпкі өнімді алуға дейінгі барлық технологиялық тізбек бойынша енгізуді қамтитын толық циклдар жұмысын жүргізуді көздейтін кластер құраушы ретінде қалыптасқан.
- экономикалық көрсеткіштері және өндіріс мәдениеті жөнінен қолданыстағылардан асып түсетін жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерді жасауды көздейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жаңа техниканың тәжірибелік нұсқаларын сынақтан өткізу және оларды өнеркәсіпте тарату мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
- салалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының отандық және әлемдік деңгейдегі жетістіктерін қолдана отырып, жобалау-контрукторлық жұмыстарын ұйымдастыру;
- нормативті-техникалық құжаттар жасау, ғылыми-техникалық ақпаратпен қамту, зияткерлік меншікті қорғау, жоғары білікті қызметкерлерді әзірлеуді жетілдіру бойынша ғылыми-техникалық, инжиниринг-консалтинг қызметін көрсету.
2003 жылдан бастап институт ерітіндіден уран тұндыру үшін селективті реагент ретінде сутегі пероксидын қолдану арқылы сорбциялық-қоршау технологиясын жасау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың шарықтау шегі 2008 жылдың мамырына, яғни «Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорнында уранды пероксидты қоршаудың технологиялық үдерісі басталған кезге тура келді. Сөйтіп, алғаш рет посткеңестік кеңістікте уран перлксиды түрінде табиғи уранның химиялық концентратының бірінші тауарлы партиясы алынды. Аталмыш технологияны холдингтің басқа да кәсіпорындарында енгізу көзделген.
«ЖТИ» ЖШС жасап шыққан сапа менеджменті жүйесі 2006 жылы қажетті бекіту рәсімдерінен өтіп, IRCA жетекші сарапшылары түріндегі өкілетті органдар тарапынан ҚР СТ ИСО 9001-2001 стандарты талаптарына сәйкес деп танылды. «ЖТИ» ЖШС геосараптамалық, геофизикалық, экологиялық, геохимиялық зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми-техникалық және әдістемелік зерттемелерінің сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001 сериялы халықаралық сапа стандарттары талаптарына сәйкес екенін куәландыратын сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды.
Уран саласы кәсіпорындарының өндірісіне жүргізілген талдау негізінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары мен жобалау-конструкторлық жұмыстарының мынадай басым бағаттары жоспарланған:
- Уранды жерасты ұңғымалы шаймалау геотехнологиясын жетілдіру және оңтайландыру;
- Өнімді қойыртпақты (сорбция, экстракция, кристализация) қайта өңдеудің химиялық технологиясын жетілдіру;
E-mail: skozhakhmetov@kazatomprom.kz
