Жылу бөлгіш құрамалар

Жылу бөлгіш құрамалар шығару ядролық өндірістің соңғы буыны болып табылады.
 
Отын таблеткалары цирконий ерітіндісінен (циркалоя) жасалған түтіктерге салынып, отын өзекшелері әзірленеді, оларды жылу бөлгіш элементтер (ЖБЭЛ) деп атайды. АЭС жұмысында пайдалану үшін ЖБЭЛ-ді 200 данадан біріктіріп, толық отын жиынтықтарын жасайды.
 
Кез-келген реактор түрі үшін отын құрамаларын жасау технологиясының 80 пайызы бірдей болып келеді. Ал жұмыстың 20 пайызы нақты бір реактор түріне икемделіп жүргізіледі.
 
2008 жылдың маусым айында «Қазатомөнеркәсіп» пен француздық «АРЕВА» компаниялары ядролық отын айналымы саласындағы әріптестікті дамыту бойынша Келісім жасады. Аталған құжатқа сәйкес, «АРЕВА» компаниясы «Қазатомөнеркәсіптің» құрамындағы Үлбі металлургия зауытында қуаттылығы жылына 1200 тонна отын жиынтықтарын шығаратын өндірістің негізін қалауға техникалық қолдау көрсетеді. Құрылып жатқан біріккен кәсіпорын аясындағы (Қазатомөнеркәсіп – 51 %, АРЕВА 49%) құрама жасау өндірісінің ішіне француздық дизайндағы реакторларға арналған қуаттылығы 400 тонна құрайтын жеке өндіріс желісі іске қосылады. Бұл құрамаларға отын таблеткаларын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жеткізіп тұратын болады.
 
Аталмыш өнімді өткізу жұмыстарын Қазатомөнеркәсіп – 51 % және АРЕВА – 49% компаниялары қатысуымен құрылған біріккен кәсіпорын қолына алмақ.
 
Жылына 800 тонна уран өнімін құрайтын қалған қуаттылықтар (Қазатомөнеркәсіп – 100 %) дизайны сан түрлі реакторларға арналған отын таблеткаларын шығаратын болады.
 
Зауыт құрылысын 2009-2012 жылдары жүргізу жоспарланып отыр. Алғашқы өнім 2013 жылы шығарылатын болады.