Біздің стратегия

Қазатомөнеркәсіп - табиғи уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы, уран, сирек металдар мен ядролық отын саласындағы оператор болып табылады. Біздің компанияның негізгі артықшылықтары:

  • Уран қорларының ең үлкен ресурстық базасы бар әлемдегі ең ірі уран өндірушісі;
  • жерасты ұңғыма шаймалаудың үнемді әдісінің есебінен өзіндік құны төмен және жеңіл арттырмалы өндіріс;
  • Экологиялық қауіпсіздіктің қатаң көрсеткіштері және тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қатаң ұстанатын өнеркәсіп;
  • реакторға дейінгі ядролық отын циклінің (бұдан әрі – ЯОЦ) бүкіл тізбегінде уран өндіру және өңдеу саласында бірнеше ондаған жылдар бойы мол тәжірибе жинақтаған жоғары білікті мамандар.

Біздің негізгі қызмет – бұл уранды және сирек металдар мен сирек-жер элементтерін қоса алғанда, ілеспе табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу

Біздің жетістіктеріміздің тарихы

Біз 20 жылдық тарихымызда маңызды
нәтижелерге қол жеткіздік:

  • 1997 жылы Қазатомөнеркәсіптің құрылуы кезінде, өндіріс деңгейі 900 тонна U-дан төмен болды. 2010 жылға қарай Қазатомөнеркәсіп шамамен 10 000 тонна U өндірді, бұл бізге әлемдік өндіріс көлемінің 19% құрап, әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания болуға мүмкіндік берді.
  • Қазатомөнеркәсіп реакторға дейінгі ЯОЦ барлық тізбегі бойынша, байыту, UO2 ұнтақтарын/отын таблеткаларын өндіруді қоса алғанда, өз қызметін кеңейтіп, жақын арада жылу бөлетін құрандылар шығаруды бастайды.
  • ЯОЦ-дан өзге, Қазатомөнеркәсіп сирек металдар мен сирек жер элементтерін қайта өңдеу бойынша қызметін дамытып, сондай-ақ зияткерлік меншік, патенттер және озық технологияларда көрініс тапқан ҒЗТКЖ саласындағы бірқатар бастамаларды әзірледі.

Біздің миссия

Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес Компанияның барлық мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құндылықтарды құра отырып, уран кен орындарын игеру және қосылған құн тізбегінің компоненттерін дамыту

Біздің пайымымыз

Жаһандық атом өнеркәсібі үшін Артықшылықты Серіктес болу

Біздің стратегиялық басымдықтарымыз

  • Қызметтің негізгі түріне назар аудару;
  • Нарық жағдайы негізінде өндіріс, қайта өңдеу және сату көлемін оңтайландыру;
  • Маркетинг функциясын нығайту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылықтар құру;
  • Бизнес-қызметтегі озық тәжірибелерді қолдану;
  • Сала көшбасшысына тиісті корпоративтік мәдениетті дамыту.