Компания туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отынның импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. Компания Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1997 жылы құрылған. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады. Қазақстан 2009 жылдан бастап табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы болып отыр.

2009 жылдан бастап табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы

Қазатомөнеркәсіп компаниясы тобының құрамына бір мекемеге қарасты 80 кәсіпорын кіреді, онда 27 000-ға жуық адам еңбек етеді. Ұлттық атом компаниясының активтеріне соңғы өнімді өндіруге қатысты, яғни геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық-отын циклы өнімдерін өндіруден бастап ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру және кадрларды дайындауға дейінгі кәсіпорынның барлық кешені кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық мақсаттары әлемдік табиғи уран рыногында көшбасшылық позицияларының сақталуына, ЯОЦ шетел активтеріне қатысу арқылы (конверсиялау, уран изотоптарының бөліну, ядролық отын шығару, атом станцияларын салу кезеңіңде) Компанияның реакторға дейінгі ядролық-отын цикліндегі (ЯОЦ) қызметтерін ең жоғарғы деңгейде әртараптандыруға, сондай-ақ бір-бірімен байланысты жоғары технологиялық бағыттарға Компанияның ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және пайдаланумен әртараптандыруға тоғыстырылған.

27 000-ға жуық адам бір мекемеге қарасты 80 кәсіпоорында

Қазатомөнеркәсібіне уранның бай кен орындарына рұқсат алуы өз өндірісін көптеген ондаған жылдарға алға жеке шикізатпен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Табиғи уранды өндіру экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты ұңғыма шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүзеге асырылады, онымен Компанияға аз шығынды сегментте технологиялық көшбасшылыққа жол береді. Ескере кететін жайт, ЖҰШ өндіру барысы адамдардың тікелей қатысуын болдырмайды. Қазақстандық урандық концентрат 40%-дан астам бейбіт атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз етеді және әлемдегі АЭС-ы бар барлық мемлекеттерге жеткізіледі. 

40%

Бейбіт атом
энергетикасын пайдалану

Қазатомөнеркәсібі энергетикалық саласындағы басты халықаралық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімдер бойынша жұмыс істейді. Компания өзінің тарихында өнімді жеткізуде бірде-бір олқылық болдырмаған, ол өз кезегінде уран нарығында ерекше қымбат.