Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі өз жұмысын регламенттейтін ішкі саясаттарды, әдістемелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен қолданысқа енгізу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп отырады.

Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын әзірлеу барысында бағдарланған тәуекел әдісі қолданылады.

Ішкі аудит қызметінің басты капиталы – қызметкерлердің білімі, дағдылары, тәжірибелері, кәсіби біліктілігі және креативтілігі.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері өзін-өзі жетілдіру және кәсіби біліктілік деңгейін көтеру үшін, сондай-ақ ішкі аудиттың стандарттары, рәсімдері мен әдістемелері саласындағы ағымдағы оқиғалардан хабардар болу үшін үнемі білімдерін толықтырып отырады.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері тиісті кәсіби сертификаттар мен мамандықтар алу жолымен өз кәсіби шеберліктерін аңғартады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобындағы бұзушылықтар туралы хабарлама

Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Өтініштерді қарау тәртібі туралы қағидалар бекітілді және жұмыс істейді, оның мақсаты Компанияның және Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын немесе Компанияның және/немесе Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарын бұзу тәжірибесімен байланысты құбылыстар туралы жауапты хабарлау мүмкіндігін ұсыну арқылы Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметтерінің ашықтығын арттыру үшін негіз құру болып табылады.

Өтініштерді (арыздарды, шағымдарды) ұсыну үшін Компанияда мынадай ақпараттық каналдар көзделген:

  • пошталық мекенжай – «ҚҰПИЯЛЫ» белгісі бар тікелей Ішкі аудит қызметінің басшысына және/немесе Омбудсменге жазылған 010000, Астана қ., Қонаев к-сі, 10 мекенжайына пошта бойынша ақпаратты жолдау;
  • электрондық пошта – «hotlineatkazatomprom.kz» мекенжайына электрондық хабарлар түріндегі ақпаратты жіберу;
  • телефондық байланыс – Қоғамның телефон желісіне +7 (7172) 45-81-45 нөмірі бойынша телефон шалу.

Компанияның Ішкі аудит қызметінің басшысы мен Омбудсменінде ғана жоғарыда аталған ақпараттық байланыс каналдарына қолжетімділігі бар.

Компаниядағы Өтініштерді қарау тәртібі туралы қағидалармен «Ішкі аудит қызметі» бөлімінде танысуға болады.