Денсаулық

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы, өндірістік міндеттерді орындай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік жолын қуған қағидаттарды ұстайды. Компания өзінің қызметкерлерінің денсаулығына ерекше назар аударады. Қызметкерлердің әлеуметтік пакетіне толық медициналық сақтандыру, және сонымен қоса санаторлық курорттық емдеу жатады.

 

2004-2015

Емханаларда 1 млн. 100 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілген.

 

Сауықтыру пункті

Кеніштерде 21 сауықтыру пункті бар, онда қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық қарауы жүргізіледі.

Кеніштерде және вахталық кенттерде тұратын қызметкерлерді, жұмыскерлерді сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін, компаниямен уранды өндіретін аймақтарда 8 медициналық-санитарлық бөлімдер салынған және жөндеуден өткізілген. Ол ауруханалар мен емханаларда жоғары білікті дәрігерлер тек кәсіпорын қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындарға да медициналық қызмет кешендерін көрсетеді.

Денсаулық сақтау мекемелері заманауи құралдармен жабдықталған және негізгі бөлімшелері бар – балаларға арналған, зертхана-диагностикалық, хирургиялық, акушер-гинекологиялық, стоматологиялық, неврологиялық және т.б.

2004 жылдан 2015 жылдар аралығында стационарлық медициналық көмекті 18 мыңнан астам адам алды, емханаларда 1 млн. 100 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді.

 

Жөндеу

Уранды өндіретін аймақтарда 8 медициналық-санитарлық
бөлімдер салынған және жөндеуден өткізілген

Және кеніштерде тәулік бойы 21 сауықтыру пункті жұмыс істейді, онда медициналық қызметкерлер кәсіпорын қызметкерлерінің ауысым алдындағы қарауын жүзеге асырады.

Онымен қоса жыл сайын медициналық-санитарлық бөлімдер барлық қызметкерлердің міндетті профилактикалық қарауын өткізеді, ол аурудың ерте кезеңінде анықтауына, емделушіні есепке алуға және қажетті емдеу курсын өткізуге мүмкіндік береді.