Өндіріс қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты көрсеткіштері

Қазатомөнеркәсіп өндірістің қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде озық тәжірибелерді қолданады және болашақта бұл аспект жетекшілер командасы үшін бірінші дәрежелі маңыздылықты сақтайды. Компания Қазақстанда артықшылықты жұмыс беруші болуға және оның кеніштерінде жұмыс жасау жағдайлары мүлдем қауіпсіз болуын және қазақстандық экожүйеге залал тигізбеуін қамтамасыз етуге талпынуда.

 

Сертификаттау

Қазатомөнеркәсіп ISO-14001 стандартының және OHSAS-18001 стандартына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесінің негізінде қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін енгізді. Компания өндірістің қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында қызметкерлерінің және барлық деңгей басшыларының білімін үздіксіз жоғарлатуды, сондай-ақ осы салада барлық аспектілерге ашық және мөлдір тәсілді қолдануды жалғастыруда.

Қазатомөнеркәсіп өндірістегі жазатайым оқиғалар санының тұрақты төмендеуіне шоғырланған.

Еңбекті қорғауға және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты өспелі шоғырландырылған шығындармен бірге компания еңбек қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған түрлі әдістерді қолданады. Осылайша, жүйелі медициналық тексерулер, жұмыскерлер мінез-құлқын тексерулер жүргізіледі, энергияның қауіпті көздеріне қолжетімділікті физикалық шектеу үшін оқшаулау және пломбалау жүйесі енгізілген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек гигиенасын және жұмыскерлердің әл-ауқатын жоғарлату бойынша Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) бастамашылығын қолдай отырып, Қазатомөнеркәсіп Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылды. Осылайша компания бағдарламада көзделген жеті «алтын ережені» сақтау арқылы жарақаттанушылықтың нөлдік деңгейіне жету ниетін растады.

Персоналдың радиобелсенді сәулеленуінің орташа мөлшері 0,80 мЗв құрайды, бұл уран саласындағы ең төмен көрсеткіштердің біреуі болып табылады.

ЖАҰС әдісімен өндіру технологиясы АТЭХАГ (МАГАТЭ) сарапшыларының пікірі бойынша өндіру мен байытудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда экологиялылық және қауіпсіздік тұрғысынан артықшылықтарға ие. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, ол қолданатын ЖАҰС әдісімен өндіру технологиясы экологияға ең төмен ықпал етеді деп есептейді. Бұл, өзгелерден басқа, компанияны құру сәтінен бастап елеулі экологиялық апаттардың және оқиғалардың болмауымен расталады.

Күнделікті мониторинг

Қазатомөнеркәсіп өндіретін уран кеніштері радиациялық қорғанысты сенімді бақылау жүйелерімен жасақталған.

Оған қоса, Қазатомөнеркәсіп жетуге талпынатын, қоршаған ортаны қорғау саласында тиімділіктің түйінді көрсеткіштерінің (KPIs) бірқатарын әзірледі. Аталған KPIs, соның ішінде, өндірістік қалдықтар, шығарындылар түзілуінің және қалдықтарды көмудің көлемдеріне қатысты белгіленген.