Корпоративтік басқару

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқарудың артықшылық мақсаты, тиімді және ашық бизнесті құру арқылы компанияның ұзақ мерзімді құнын ұлғайту, акционерлермен және инвесторлармен сенімді және тиімді қатынастарды сақтау болып табылады.

Ұлттық атом компаниясы өзінің қызметінде әділдік, мөлдір және жауапкершілік принциптеріне негізделе отырып, корпоративтік басқарудың жоғарғы стандарттарына ұмтылады, оны сақтау заманауи корпоративтік мәдениетті, этикалық норма мен құндылықты енгізуді, және сонымен қоса компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару құрылымы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары арасындағы өкілеттікті бөлуді нақты айқынайды. Акционерлер мен Компанияның мүддесі мен құқығын қорғауды Директорлар кеңесі қамтамасыз етеді, сонымен қоса ол Компанияның қызметіне толық жауапкершілікті алып жүреді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атқарушы органы - Басқарма Төрағасы басқаратын Басқарма.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-н тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған Компанияның Директорлар кеңесіне тәуелсіз және объективті ақпараттарды ұсыну мақсатында Компанияның Директорлар кеңесіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелік тәсілді енгізу жолымен тәуелсіз және шынайы ақпарат ұсыну мақсатында Ішкі аудит қызметі құрылған, ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді.Ішкі аудит қызметінің жұмысына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік хатшы, корпоративтік құрылым щеңберіндегі жұмысты үйлестіреді, еншілес және тәуелді ұйымдардың және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылары арасындағы тиімді өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді.

2017 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның бастамасы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалаудың жаңа әдісіне сәйкес корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау жүргізілді. Диагностика PwC тәуелсіз кеңесшілерін тарту арқылы жүргізілді. Диагностиканың нәтижелері Қор Басқармасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №45 / 17 шешімімен ескерілді. Корпоративтік басқару жүйесінің диагностикалау нәтижелерін ескере отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шаралары тұрақты негізде қабылдануда.

Іскерлік этиканың принциптерін сақтау және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік этика кодексі ережелерінің бұзылуы бойынша дауларды тиімді реттеу Комплаенс қызметіне жүктеледі.

Бұдан басқа, компанияда Омбудсмен институты бар. Омбудсменнің рөлі оған жүгінгенлауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге Кодекс ережелері бойынша кеңес беру, Кодекс ережелерінің бұзылуы бойынша дауларды қарауға және оларды реттеуге қатысуға бастамашы болу, және сонымен қатар Компания қызметкерлерімен іскер этика принциптерін сақтау.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде 2010 жылы Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) енгізілді.

Тәуекелдерді басқару «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың ТБЖ бойынша бекітілген ішкі құжаттар негізінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.