Қазатомөнеркәсіп Energy Asia (BVI) Limited-тегі 40,05% және «Хорасан-U» БК» ЖШС-дағы 16,02% үлесті сатып алу мәмілесін аяқтады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Energy Asia (BVI) Limited компаниясының 40,05% акциялар пакетін және Energy Asia Holdings (BVI) Limited компаниясынан «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 16,02% қатысу үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағанын мәлімдейді.

Мәміле нәтижесінде Қазатомөнеркәсіптің «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС  және «Хорасан-U» БК» ЖШС-тегі иелену құрылымы сәйкесінше 52,5%, 50% және 50% құрады.

Компанияның жоғарыда аталған кәсіпорындардағы өзінің тиімді қатысу үлесін ұлғайту ниеті Құнды қағаздар эмиссиясының аңдатпасында көрініс тапқан болатын.

Қосымша ақпарат үшін хабарласуыңызға болады:

Инвесторлармен жұмыс істеу басқармасы
Тел.: +7 7172 45 81 80
Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 7172 45 80 63
Email: pratkazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі уран өндіруші. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдік бастапқы уран өндіру жиынтығының 20% құрады. Топ кемінде 300 мың тонналық уран қоры бар саладағы ірі резервтік базаға ие. Қазатомөнеркәсіп 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскеде өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Топ өңдейтін барлық кен орындары жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолдануға жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтердің ұзақ жылдардан бері пайдалануымен үйлесім тауып, Топтың өзіндік құны едәуір төмен уран өндірісі бар әлемнің жетекші өндірушілері қатарында болуына мүмкіндік береді.

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» деуге болатын немесе солай саналатындай мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.