Инвесторларға

Қазатомөнеркәсіп уран саласында көшбасшылық орнын алып отыр, сонымен қатар біздің пікірімізше осы сала жағымды ұзақ мерзімді іргелі факторларға ие бола келе, кіру үшін елеулі кедергілерімен сиппаталады.


Біздің жоғары бәсекелестілігіміздің ерекшелігі өндірістің өзіндік құнының төменділігімен, өндіріс икемділігімен, сатылым құрылымымен, сондай-ақ, жылдам дамып келе жатқан ядролық нарықтарға географиялық жақындығымен дәйектеледі.

Аталмыш факторлар нарықтағы жағымсыз өзгерістерге төтеп беруге, және жарқын болашақта уран бағасы қалпына келген жағдайда, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі реттелген кезде біздің позициямыздың нығайуына септігін тигізеді.

 

 

Қазақстан уран өндірісінде әлем көшбасшысы болып табылады, 2017 жылы ел үлесіне әлемдегі әлемдік бастапқы уран өндірісінің 40% келді. Сонымен қатар, отандық уран кен орындарының басым көпшілігі геологиялық сипаттамаларына сәйкес ЖҰШ тәсілін қолдануға жарамды. Аталмыш тәсілмен өндіріруге жататын жалпы әлемдік қорлардың шамамен үштен екі бөлігі Қазақстан үлесіне тиесілі.

Компания әлемдегі ең ірі табиғи уран өндірушісі. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірісінің 20%-ын құрады. Біз 2011 жылдан бері әлемдік уран өндірісіндегі өз үлесімізді кемінде 20% деңгейінде сақтап келеміз.

2017 жылы әлемдегі уран
жеткізілімдерінің
40%

Қазақстан үлесіне келеді

2017 жылы жиынтық әлемдік
бастапқы уран өндірісінің
20%

Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндірісі құрайды

Компания салыстырмалы түрде көп капитал салмай-ақ өз ресурстық базасын ұлғайта алады.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде Қазатомөнеркәсіп, Қазақстандағы барлық уран кен орнын игерудің басымдыққа ие құқы заңмен бекітілген.

 

Ядролық энергия басқа электр энергиясымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Нақты айтқанда, ол көптеген жаңармалы энергия көздерімен салыстырғанда іргелі жүктемені қамтамасыз етуге қабілетті және ядролық энергетика «парник эффектісін» тудырмайтын, қоршаған ортаға әдеттегі дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда әлдеқайда аз әсер тигізеді.

Уран өніміне деген сұраныс ядролық энергия өндірісіне тікелей байланысты, ол алдағы онжылдықта тұрақты болады деп күтілуде. 2018 ж. 30 маусымдағы дерек бойынша, ядролық реактор саны 443 болса, әлемнің 17 елінде белсенді түрде 56 ядролық реактор салынуда.

Әлемде
443

ядролық реактор

Әлемде
56

ядролық реактор салынуда

Компанияның болжамдары бойынша, негізінде 2005 пен 2012 жылдар аралығында жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттардың басым болумен себептелген артық ұсыныстардың және төмендеген споттық бағалардың ұзақ кезеңінен кейін уран нарығында ұсынысқа қарай құрылымдық ілгерілеу орын алды.

Мерзімдері біртіндеп аяқталып жатқан бұрынғы ұзақ мерзімді келісімшарттар жетекші салалық ойыншылардың өндірісті қысқартуымен бірге, сондай-ақ байыту кәсіпорындарынан және мемлекеттік қорлардан қайталама жеткізілімнің қысқаруы ұсынысты айтарлықтай шектейді деп күтіледі.

 

Компания өзін орташа өзіндік құн бойынша ғаламдық уран өндірісінің бірінші ширегінде тұрақты тұр деп есептейді.

Өндірістің осындай төмен құны біздің кен орындарымыздың геологиялық құрымына, үнемді және экологиялық таза ЖҰШ әдісін қолдануына байланысты мүмкін болып отыр.

Қазатомөнеркәсіп өз серіктестерімен бірге 2017 жылғы өндіріс көлеміне сәйкес ЖҰШ әдісін қолданатын әлемдегі 10 ірі кеніштердің 8 басқарып келеді.

Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіп өз серіктестерімен бірге 2017 жылғы өндіріс көлеміне сәйкес ЖҰШ әдісін қолданатын әлемдегі 10 ірі кеніштердің 8 басқарып келеді.

ЖҰШ қолданатын ең ірі өндіруші ретінде, біз қомақты тәжірибе жинақтап, таукен жұмыстарының тиімділігін тұрақты жоғарлатуға мүмкіндігін дамыттық. Сонымен қатар, топырақ асты сулары деңгейінен төмен орналасқан Қазатомөнеркәсіп қорларының геологиялық сипаты жерасты суды ластау қаупін болдыртпайды.

Дамыған нарықтарымен салыстырғанда, Қазақстанның тағы бір артықшылығы шығындардың төмен базасына негізделген, сондықтан, Канада және Австралия сияқты уранның ірі шығарушы елдеріне қарағанда, біздің шығындарымыз әлдеқайда төмен (мысалы, қызметтерге шығындар, персонал, коммуналдық қызметтер).

 

Басқа шикізат салалармен салыстырғанда, уран өнеркәсібі мен ЯОЦ жеткізуші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді.

Негізін салған күннен бастап 20 жылдан аса уақыт ішінде Қазатомөнеркәсіп өзін сенімді жеткізуші ретінде танытты. Сонымен қатар біз Швейцарияда ТHK трейдинг компаниясы мен Құрама Штаттарында өкілдіктері бар сатудың жаһандық жүесін құрып, «бейбіт» уранның ғаламдық тұтынушыларының көбімен іскерлік қатынастар орнатып, жетекші компанияларын қамтитын жоғары сапалы клиенттер базасын дамыттық. 2018 жылғы 30 маусымдағы жағдайы бойынша Қазатомөнеркәсіп 8 елден 16 клиенттерімен жұмыс істеп келуде.

Біз ядролық энергетика саласындағы 10 ірі әлемдік компанияның 8-не өнім жеткіземіз.

Қазақстанның Қытайға жақындығы тағы да бір артықшылығымыз, себебі Қытай, әлемде атом энергиясының ең тез өсетін нарығы болып табылады.

Сонымен қатар уран тұтынушылармен қоса, 2018 жылы біз Лондон қор биржасында тіркелген ұзақ мерзімді уран сақтаушысы Yellow Cake Plc-пен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырдық.

 

Біздің қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету Компания үшін бірінші орында. Барлық өндіріс орындарда өндіріс қаупсіздігі мен еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибелер және бақылау жүйесі енгізілді.

Біз ISO-14001 негізделген халықаралық стандартына сәйкес экологиялық менеджмент және OHSAS-18001-мен халықаралық стандартына сәйкес өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік менеджменті жүйелерін енгіздік.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі ЖҰШ технологиясын дәстүрлі өңдірудің әдісімен салыстырғанда экологиялық қауіпсіз және тиімді әдіс ретінде қарастырады. Қазатомөнеркәсіп жұмысында айтарлықтай экологиялық оқиғалардың жоқтығы осыған дәлел бола алады. Біз ЖҰШ процесінде жерасты су мен топырақ мониторингі, сондай-ақ, радиациялық қорғау мен басқа да экологиялық қауіптеріннен қорғау сенімді жүйесін қолданамыз.

Халықаралық әлеуметтік қамту бірлестігі (ISSA) бастамасын қолдап, Компания жеті «алтын ережелерді» сақтау арқасында нөлдік жарақаттануға қолжеткізудің ниетін растап, Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы атанды.

Радиациялық сәулелендірудің
орташа мөлшері
0,80 мЗв

Уран секторында ең төмен
көрсеткіштердің бірі

Біздің қызметкерлердің қазіргі кездегі радиациялық сәулелендірудің орташа мөлшері 0,80 мЗв құрайды, ол уран секторында ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады. Біздің жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттардың жалпы жиілігінің көрсеткіштері (LTIFR) 2017 жылы 0,15 және 2018 жылғы 30 маусымда аяқталған 6 айға 0,45 құрады.

 

Уранның әлемдік нарығындағы Қазатомөнеркәсіптің жетекші орны, өндірістің төмен өзіндік құны, өндіріс көлемдерінің икемділігі және саналы қаржылық саясат бізге әр түрлі нарықтық жағдайда тұрақты жоғары қаржылық көрсеткіштерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, уранға төмен бағалар жағдайында жоғары тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

2016-2018 жылдардағы уран бағасының төмен жағдайында көрсетілген, дәлелденген тұрақтылық

Біз қаржылық тұрақтылық пен левередждің барабар деңгейін сақтай отырып, акционерлердің пайдасына ақшалай қаражат ағындарын болжамды және әділ бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты дивидендтік саясат қағидаларын ұстанамыз.

 

Компанияда мақсатқа жету стратегияны іске асыра алатын және индустрия мен макроэкономикадағы тұрақсыздық жағдайында сенімді жұмысты атқаруға қабілеті бар тәжірибелі басқару командасы жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдарда Компания басшылығының өнідірістік және қаржылық нәтижелері осыны дәлелдейді.

Компания Директорлар кеңесінің тәжірибелі және оңтайлы құрамы Қазатомөнеркәсіптің артықшылығы болып табылады. Құрамына уран саласында және атом өнеркәсібінде ауқымды халықаралық тәжірибесі бар үш беделді, тәуелсіз директор кіреді.

Директорлар кеңесінің
7 мүшесінің
3

Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінде, сондай-ақ, оның комитеттерінде тәуелсіз директорлары төрағашылық етеді.

 

Біздің негізгі қызметіміз уран өндіру болып табылады, бірақ біз сонымен қатар 60 жылдық тарихы бар «ҮМЗ» АҚ еншілес кәсіпорнында отын ұнтақтары мен таблеткаларын өндіреміз. «ҮМЗ» АҚ Қытай атом электр станциялары үшін отын таблеткаларын жеткізушілердің бірі болып табылады.

Ядролық отын нарығындағы өзгерістер нәтижесінде реакторға дейінгі ЯОЦ тізбегінің басқа сегменттерінде туындайтын кез-келген мүмкіндіктерді анықтауға және осы мүмкіндіктерді Қазатомөнеркәсіптің халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар арқылы іске асырұға жайлы жағдайымыз бар.

 

Қазатомөнеркәсіптің негізгі клинттері– АЭС операторлары. Біздің өнімнің негізгі түпкі тұтынушылары Қытайда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада, Еуропада және Азия-Тынық мұхит аймағында орналасқан.

Біз ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар арқылы уран және уран өнімдерін сата отырып, сондай-ақ, Щвейцарияда орналасқан Trading House KazakAtom (THK) сауда еншілес компаниясы арқылы споттық нарықта өз қатысуымызды қамтамасыз етеміз.

Ядролық жетекші компаниялармен
10

біріккен кәсіпорын

Қазақстан Республикасындағы ұлттық атом компаниясы бола тұра, Компания уран өндіретін өнеркәсіптің барлық жетекші әлемдік ойыншыларымен серіктестік шарттарын жасады. Біз Cameco, CGNPC, Kansai, Marubeni, Orano (бұрынғы «Areva»), Росатом и Sumitomo компанияларымен, сондай-ақ, Энергетикалық Азия консорциумымен 10 табысты ортақ кәсіпорын құрдық.