Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) басқару органы болып табылады, ол Қоғам қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асырады. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысымен (Жарғысында жасалған өзгерістермен), Қоғамның Корпоративтік басқару кодексімен және Директорлар кеңесі туралы ережесімен айқындалған тәртіпте қабылданады. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі бiр мезгiлде төрт заңды тұлғадан астам директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды, сонымен қатар екі директорлар кеңесінен астам төраға бола алмайды.