Акционерлер құрылымы

  Акциялар мен ҒДҚ
Үлес
Самұрық-Қазына* 220 661 900 85,08%
Еркін айналымдағы акциялар* 38 694 708 14,92%**
Шығарылған акциялардың жалпы саны
259 356 608 100%

*208 783 ҒДҚ көлемінде сатып алудың қосымша орналастырудың опционы орындалудың негізінде

** үлесі 5%-дан кем миноритарлық акционерлер

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің берген Құнды қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы 2018 жылғы 17.08. №А3520 күәлігі

  • London Stock Exchange

  • Astana International Exchange

Дивидендтер туралы мағлұматтар

  • 2017

    Шешім

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді. Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 1 215,06 (бір мың екі жүз он бес) теңге 06 (алты) тиынды, жалпы сома 45 019 066 000 (қырық бес миллиард он тоғыз миллион алпыс алты мың) теңгені құрайды.

    Төлем

    45 019 066 000 (қырық бес миллиард он тоғыз миллион алпыс алты мың) теңге көлеміндегі төлем 2018 жылғы 19 маусымда ақшалай қаражатты Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына аудару арқылы жүргізілді».

    Шешім

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 25 маусымдағы қосымша шешіміне сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылының  нәтижесі бойынша түскен 138 527 669 000 (жүз отыз сегіз миллиард бес жүз жиырма жеті миллион алты жүз алпыс тоғыз мың) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза пайдадан 2017 жылғы шоғырландырылған таза пайданың 93 508 603 000 (тоқсан үш миллиард бес жүз сегіз миллион алты жүз үш мың) теңге мөлшеріндегі бөлінбеген бөлігін келесі  ретпен үлестіруге тиіс:

    1) Жалғыз акционерге дивидентер төлеуге 89 992 949 000 (сексен тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың) теңге;

    2) Қоғамның билігінде 3 515 654 000 (үш миллиард бес жүз он бес миллион алты жүз елу төрт мың) теңге мөлшеріндегі таза табыс қалдырылсын.

    2017 жыл бойынша бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 3 643,96 (үш мың алты жүз қырық үш мың) теңге 96 (тоқсан алты) тиынды құрайды.

    Төлем

    2018 жылғы 11 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 25 маусымдағы қосымша шешіміне сәйкес Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге мөлшерінде дивидендттердің ішінара төленуі жүзеге асырылды.

    Шешім

    «2018 жылы 15 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 1997 жылдың 14 шілдесінен 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жинақталған бөлінбеген пайданың 26 649 361 000 (жиырма алты миллиард алты жүз қырық тоғыз миллион үш жүз алпыс бір мың) теңге көлеміндегі бөлігін Жалғыз акционерге дивидентер төлеуге шешім қабылдады. 2017 жыл бойынша бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 102,75 (жүз екі) теңге 75 (жетпіс бес) тиынды құрайды.

    Төлем

    2018 жылы 30 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы 46 642 310 000 (қырық алты миллиард алты жүз қырық екі миллион үш жүз он мың) теңге мөлшерінде дивидендттердің ішінара төленуі жүзеге асырылды, оның ішінде:

    19 992 949 000 (оң тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың) теңге - 2018 жылдың 25 маусымындағы № 20/18 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ Басқармасының ішкі отырысының шешіміне сәйкес дивидендтердің қалған бөлігі;

    26 649 361 000 (жиырма алты миллиард алты жүз қырық тоғыз миллион үш жүз алпыс бір мың) теңге - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры » АҚ Басқармасының 2018 жылғы 15 қазандағы № 28/18 хаттамасына сәйкес дивидендтер.

  • 2016

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2017 жылғы 25 мамырдағы шешіміне сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2016 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 1 790 (бір мың жеті жүз тоқсан) теңге 10 (он) тиынды, жалпы сома 65 848 704 000 (алпыс бес миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион жеті жүз төрт мың) теңгені құрайды. Төлем Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы дивидендтерді төлеуді бастаған күнінен бастап - 2017 жылдың 31 тамызынан бастап 90 күнтізбелік күннің ішінде екі траншпен  жүргізіледі».

    010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі,10 мекенжайы бойынша тіркелген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2016 жылғы дивидендтердің бірінші траншы 21 310 392 000 (жиырма бір миллиард үш жүз он миллион үш жүз тоқсан екі мың) теңге көлемінде төленгендігі туралы хабарлайды. Төлем 2017 жылғы 27 қыркүйекте ақша қаражатын Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ банк есепшотына аудару арқылы жүргізілді.

    «010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі,10 мекенжайы бойынша тіркелген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2016 жылғы дивидендтердің екінші траншы 44 538 312 000 (қырық төрт миллиард бес жүз отыз сегіз миллион үш жүз он екі мың) теңге көлемінде төленгендігі туралы хабарлайды. Төлем 2017 жылғы 24 қарашасында ақша қаражатын Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ банк есепшотына аудару арқылы жүргізілді».

  • 2015

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2016 жылғы 14 маусымындағы шешіміне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2015 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 327 теңге 88 тиын, жалпы сома 12 030 782 000 (он екі миллиард отыз миллион жеті жүз сексен екі мың) теңге құрайды. Төлем 30 маусым 2016 жылы Жалғыз акционер – «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның банктік шотына ақша қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылды.

  • 2014

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2015 жылғы 2 маусымдағы шешіміне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2014 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 63 теңге 32 тиын, жалпы сома 2 323 320 000 (екі миллиард үш жүз жиырма үш миллион үш жүз жиырма мың) теңге құрайды. Төлем Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ың банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы 2015 жылдың 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

  • 2013

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі шешіміне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2013 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 146 теңге 78 тиын, жалпы сома 5 385 581 000 (бес миллиардүш жүз сексен бес  миллион бес жүз сексен бір мың) құрайды. Төлем Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-тың банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы 2014 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

    010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі,10 мекенжайы бойынша тіркелген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2013 жылдың акциялары пакетіне дивидендтер төленгендігі туралы хабарлайды. Бір жай акцияға арналған дивидендтер көлемі 146 теңге 78 тиынды, жалпы сомасы 5,385,581,000 (бес миллиард үш жүз сексен бес миллион бес жүз сексен бір мың теңге) құрайды. Төлем 2014 жылғы 22 желтоқсанда ақша қаражатын Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ банк есепшотына аудару арқылы жүргізілді.

  • 2012

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалғыз акционерінің 2013 жылғы 22 шілдедегі шешіміне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылғы акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға есептелген дивиденд көлемі 208 теңге 14 тиын, жалпы сомасы 7 637 242 000 (жеті миллиард алты жүз отыз жеті миллион екі жүз қырық екі мың теңге) құрайды. Дивидендтерді төлеу 2013 жылғы 1 желтоқсанан 31 желтоқсанға дейін ақша қаражатын жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ банкі шотына аудару арқылы жүргізіледі.

  • 2011

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалғыз акционерінің 05.07.2012 ж. және 29.11.2012 ж. шешімдеріне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2011 жылғы акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға есептелген дивиденд көлемі 640 теңге 50 тиын, жалпы сома 23 501 328 000 (жиырма үш миллиард бес жүз бір миллион үш жүз жиырма сегіз мың теңге) құрайды.Дивидендтерді төлеу екі траншпен 2012 жылғы шілдеде және 2013 жылғы сәуірде ақша қаражатын жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ банкі шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүргізілді.

  • 2010

    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2011 жылғы 07 маусымдағы шешіміне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылғы акциялар пакетіне дивидендтер есептеді.

    Бір жай акцияға есептелген дивиденд көлемі 241,25 теңге, жалпы сома 8 852 110 000 теңге (сегіз миллиард сегіз жүз елу екі миллион бір жүз он мың теңге) құрайды. Дивидендтерді төлеу 2011 жылғы 29 маусымда ақша қаражатын жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ банкі шотына аудару арқылы жүргізілді.