| (AIX)    KZT 18185   %   -0.22 USD 38.54   %   -0.72

Қызмет түрлері

Ядролық отын циклының (ЯОЦ) өнімдері

Бүгінде Қазатомөнеркәсіп «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның (ҮМЗ) уран өндірісі атынан әлемдік нарыққа:
• ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларын, оның ішінде жанып кететін сіңіргіштер де бар;
•  жеңіл сулы энергетикалық реакторларға  арналған отын таблеткаларын, оның ішінде Framatome француз компаниясының дизайнындағы реакторларға арналған AFA 3G типті отынды жеткізе алады.
Сонымен қатар, ҮМЗ-де қолданылатын уран тотығы ұнтақтарын өндіру технологиясы құрамында уран бар материалдардың кең спектрін өңдеу арқылы керамикалық сұрыптағы уран қос тотығы ұнтағын 235U бойынша 5%-ға дейін байыту арқылы өндіруге мүмкіндік береді.

Қазатомөнеркәсіп өзінің серіктесі Қытайдың бас ядролық-энергетикалық корпорациясы CGNPC-мен бірлесіп, «ҮМЗ» АҚ-ның базасында ҚХР атом станцияларында ядролық отын ретінде пайдалану үшін жылу бөлетін құрамалар өндіретін зауыт салу жобасын іске асырды. Зауыт 2020 жылғы желтоқсанда зауыт пайдалануға беріліп, 2021 жылғы қарашада салтанатты ашылуы өтті. «Үлбі»-ЖБҚ» ЖШС француздық Framatome компаниясының сертификатын алды, ол зауыт жылына 200 тонна уран көлемінде AFA 3GTM дизайнындағы ЖБҚ жасай алатынын растайды. Сондай-ақ, ЖБҚ сатып алушы CGNPC-URC компаниясының барлық талаптары орындалып, ҚХР ядролық саласы үшін сертификатталған жеткізуші мәртебесін алды.
2022 жылғы желтоқсанда «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС ҚХР атом станциясына жылу бөлетін құрамалардың алғашқы партиясын сәтті жеткізді. Қазіргі уақытта зауыт жылына 200 тонна уран түріндегі толық жобалық қуатына кезең кезеңімен шығу сатысында тұр және ядролық отын өндірісін штаттық режимде жалғастыруда.

 

2013 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп «Уранды байыту орталығы» АҚ ресей-қазақстан бірлескен кәсіпорнының үлестерін иелену арқылы 2043 жылға дейін жылына 2,5 млн ЕҚДБ көлемінде уран байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе алады. Қазатомөнеркәсіп уранды байыту бойынша бұл опционды «Үлбі»-ЖБҚ» ЖШС өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Үлбі металлургия зауытын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) орналастыру алаңы ретінде таңдады. ТБУ банкі – бұл UF6 түріндегі төмен байытылған уранның физикалық қоры, жалпы салмағы шамамен 90 тонна, әлемдегі ядролық энергетикалық реакторлардың неғұрлым көп таралған түрі стандартты жеңіл сулы реактор үшін ядролық отын өндіруге жарамды.
АЭХА ТБУ банкін құрудың мақсаты – ядролық отын өндіру үшін шикізаттың кепілді қорымен уранды байыту технологиялары жоқ АЭХА-ге мүше мемлекеттерді қамтамасыз ету. Осы шикізатты жеткізу тоқтап қалған жағдайда тұтынушы елдер банкте сақталған ТБУ-материалды пайдалана алады.
ҮМЗ алаңы АЭХА өлшемшарттарына барынша толық жауап беретін ретінде таңдалды: инфрақұрылым мен білікті персоналдың болуы, сенімді физикалық қорғау жүйесі, көлік инфрақұрылымы және қолжетімділік. Сонымен қатар, зауыт 20 жылдан бері АЭХА кепілдігі режимімен жұмыс істеп келеді.

 

2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп, «ҮМЗ» АҚ және Cameco Согр. қазақстандық тарапқа уранды аффинаждау және конверсиялау технологияларын пайдалану құқығын беру туралы шарт жасасты.
2020 жылғы 28 қаңтарда технология Қазатомөнеркәсіпке берілді.
Қазіргі уақытта «ҮМЗ» АҚ-да уранды аффинаждаудың алынған технологиясын енгізу мүмкіндігін бағалау үшін зауытта «600 ғимарат. Қайта құру. Қуаттылығы жылына 6000 тонна уран u уран тотығын аффинаждау өндірісі» инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр.

Пікір қалдыру