| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

Қазатомөнеркәсіп Инкай кен орнының №2 және №3 учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша толықтыруларға қол қойды

6 тамыз
Қазатомөнеркәсіп Инкай кен орнының №2 және №3 учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша толықтыруларға қол қойды

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп, Компания) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірге Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан және Қазақстанның негізгі уран кен орындарының бірі болып табылатын Инкай кен орнының екі учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша толықтыруларға қол қойылғанын хабарлайды.

Инкай кен орнының №3 учаскесінде уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша жер қойнауын пайдалану құқығы Қазатомөнеркәсіптің 100% еншілес ұйымы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС пайдасына берілгенін білдіреді. № 3 учаскедегі уран қоры С1+С2 санаттары бойынша 83,1 мың тоннаға бағаланады.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Компаниямыз үшін стратегиялық маңызды шешім болып табылады және екі уран кеніші қорларды толық игерілуіне байланысты пайдаланудан шығарылып, тағы бір кеніші пысықтау сатысында тұрған еншілес кәсіпорнымызды қолдауға бағытталған. Бұл шешім ұзақ мерзімді перспективада өндірісті тұрақтандыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс орындарын сақтап, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Бұдан бөлек, Қазатомөнеркәсіп пен ҚР Энергетика министрлігі уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде Инкай кен орнының №2 учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшартқа қосымша құжатқа қол қойды, ол барлау кезеңін 4 жылға ұзартуды көздейді.

С2 санаты бойынша №2 учаскедегі уран қоры 42 мың тоннадан асады. Барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін қорлардың бір бөлігі С1 санатына ауыстырылады. Келісімшартқа қосымша Ккомпанияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайын аударатын қаржы көлемін ұлғайтуды көздейді.

Геологиялық барлау жұмыстары тек «Волковгеология» АҚ Қазатомөнеркәсіптің еншілес ұйымының күшімен жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта «Волковгеология» Қазақстанда уранды барлауда мол тәжірибесі мен құзыреті бар жетекші геологиялық барлау компаниясы болып табылады.

Қазатомөнеркәсіп Қазақстанда уранның минералдық-шикізат ресурстарын толықтыру және ұлғайту мақсатында белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл күш-жігер уран өнеркәсібін ұзақ мерзімді дамытуға және елдің экономикалық өсуін қолдауға бағытталған.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру