| (AIX)    USD 43.25   %0      KZT 22625   %0     

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін белсенді түрде дамытып келеді.

17 маусым
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін белсенді түрде дамытып келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп немесе компания) адами капиталды дамытуға және жас мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөледі.

Биыл Қазақстанда алғаш рет Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) базасында «Уран өндірісі» атты бакалавриат бағдарламасы ашылады. Бұл арнайы академиялық бағдарлама Қазатомөнеркәсіп мамандары мен университеттің жетекші оқытушыларының белсенді қатысуымен атом саласының ерекшелігі мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді.

Қазатомөнеркәсіптің бұл болашағы зор бастамасы келешек студенттерге уран өнеркәсібі саласында терең білім алып, дипломды маман болуға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаға студенттерді алғашқы қабылдау 2025 жылы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп саланың кадрлық әлеуетін қалыптастыру және қолдау мақсатында MURAGER және IZBASAR атты корпоративтік бағдарламаларының жаңа легін іске қосатынын хабарлаймыз.

MURAGER бағдарламасы 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және жастарға сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік беруді көздейді. Бағдарлама аясында Қазатомөнеркәсіп Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы талапкерлерге, колледж түлектеріне және ЖОО-ның 1, 2, 3 курс студенттеріне білім гранттарын ұсынады. Басымдық атом саласына бейінделген бағыттарға беріледі: уран өндіру және өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, ғылыми зерттеулер, энергетика, экология және қоршаған ортаны қорғау.

MURAGER бағдарламасы жүзеге асырылған екі жылдың ішінде 53 грант берілді. Биыл бағдарламаға өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады.

Izbasar бағдарламасы 2020 жылдан бастап іске асырылып келеді және жоғары оқу орындарының талантты түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында 5 айдан 3 ротация қарастырылған. Оған сыртқы үміткерлермен қатар, компаниядағы жас мамандар да қатыса алады. Үміткерлердің мамандықтары мына бағыттармен байланысты болуы тиіс: уран өндіру және өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, ғылыми зерттеулер, IT және киберқауіпсіздік, экология және қоршаған ортаны қорғау, HR және маркетинг, экономика және қаржы.

Қазатомөнеркәсіп бағдарламаға қатысушылардың тағылымдамасына ақы төлейді, бұл жас мамандар үшін елеулі артықшылық болып табылады.

Izbasar бағдарламасын осы уақытқа дейін 40 адам сәтті аяқтады, олардың көпшілігі Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында жұмысқа орналасты.

Бағдарламаға өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады.

Қазатомөнеркәсіп білім беру мен жас буынды дамытуға өз үлесін қоса отырып, білікті кадрлар резервін қалыптастырып, Қазақстан мен бүкіл атом саласының стратегиялық болашағына инвестиция салуды жалғастыруда.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Данияр Оралов, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

MURAGER және IZBASAR бағдарламалары бойынша

Динара Абдихамитова, HR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 81 25

Email: d.abdikhamitova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 21%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Азия, Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrade House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру