| (AIX)    USD 36.85   %0      KZT 20095   %0     

Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына бизнес-ортада парасаттылықты дамыту туралы конференция өткізді

2 желтоқсан 2024
Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына бизнес-ортада парасаттылықты дамыту туралы конференция өткізді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп «Жауапты бизнес – елдің тұрақты дамуының негізгі элементі» тақырыбында конференция өткізді.

Іс-шара ашық және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық басымдықтарды қолдау шеңберінде Қазақстанның бизнес ортасында парасаттылық пен іскерлік этика мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Конференцияға Самұрық-Қазына, Қазатомөнеркәсіп, мемлекеттік органдар, PwC Kazakhstan халықаралық аудиторлық компаниясы, бизнес-қоғамдастық, ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Бүгінгі конференция – Қазақстандағы іскерлік ахуалды дамыту үшін маңызды оқиға. Парасаттылық пен бизнесті жауапкершілікпен жүргізу тақырыбына біздің елімізде әлі күнге дейін тиісті назар аударылған жоқ, және көптеген компаниялар комплаенс пен іскерлік этика мәселелерін ұзақ мерзімді табысты дамудың маңызды факторы ретінде емес, ресми талаптар ретінде қабылдайды, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. - Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде корпоративтік басқару мен парасаттылықты дамытуды айқындады. Біз Қазатомөнеркәсіп компаниялары тобында парасаттылықтың бірыңғай мәдениетін қалыптастыра отырып, барлық еншілес ұйымдарға осындай жоғары стандарттарды енгіземіз».

«Биылғы жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының орындалуына мониторингтің кезекті раундын өткізді, оның нәтижелері еліміздің елеулі ілгерілеуін көрсетті. Жеке бөлім корпоративтік секторға арналды, бұл бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ортақ күш - жігердегі маңыздылығын көрсетеді, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов. - Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруге өтінімін беру қарсаңында корпоративтік басқару және бизнестің парасаттылығы мәселелері бойынша іскерлік қоғамдастықта ашық диалогты дамыту ерекше маңызды. Бұл тақырыптарды сараптамалық деңгейде талқылау қазақстандық тәжірибеге халықаралық стандарттарды енгізудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге көмектеседі».

Мейіржан Юсупов сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің тәжірибесі инвестициялық тартымдылықты арттыру, қаржыландыру тарту жағдайларын жақсарту, нарықтық позицияларды нығайту, жаһандық әріптестерді тарту және бизнес-тәуекелдерді азайту сияқты бизнес үшін адал мінез-құлықтың артықшылықтарын көрсететінін атап өтті.

«Еліміздің ірі холдингі ретінде Самұрық-Қазына бизнесті жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін қалыптастырудағы өзінің ерекше рөлін түсінеді. Алайда, біз ел деңгейіндегі нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін көптеген мүдделі тараптардың күш - жігерін біріктіру талап етілетінін түсінеміз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Елжас Отыншиев.

Сарапшылар қысқа мерзімді іс-қимылдардың ең өзекті бағыттары бизнесті жауапты жүргізу үшін ынталандыруды құруға бағытталған ұжымдық бастамаларды ұсыну болып табылады деп келісті. Сонымен қатар, корпоративтік басқару мен парасаттылықтың ұлттық стандарттарын дамыту үшін кәсіби қоғамдастық құру қажет. ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісімен өзара іс-қимыл Қазақстандағы үздік әлемдік әзірлемелерді пайдалану үшін күшейтілетін болады.

Қатысушылар корпоративтік басқарудың, сәйкестіктің және ESG бастамаларының сенімді нығайтудағы, ашықтықты арттырудағы және тәуекелдерді азайтудағы рөлін қарастырды, бұл сайып келгенде бәсекеге қабілеттілікті айтарлықтай арттырады, сондай-ақ осы принциптерді енгізудің табысты тәжірибелерімен бөлісті. Этикалық және бәсекеге қабілетті іскерлік орта құру үшін бизнестің, мемлекеттің және қоғамның өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Қазатомөнеркәсіп парасатты бизнесті ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін бизнесті жүргізудің жаңа стандарттарын жасауға қатысуды жоспарлап отыр. Осылайша, парасаттылық пен іскерлік этиканы одан әрі дамыту Қазақстанның бизнес ортасына деген сенімді нығайтуға және ашық әрі тиімді экономика құруға жәрдемдесетін болады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Алтынай Кәрібжанова, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды

Пікір қалдыру