| (AIX)    KZT 18000   %   -0.55 USD 39.65   %   -0.23

Асқар Жұмағалиев «Парасат» орденімен марапатталды

13 желтоқсан 2016
Асқар Жұмағалиев «Парасат» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ қазақстандықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан Президенті атынан үздік отандастарымызға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтің еліміз алдындағы еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында мұндай марапатқа ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің қызметіме емес, бүкіл ұжымның жұмысына берілген баға деп ойлаймын. Білім мен тәжірибемізді пайдалана отырып, біз Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуі жолындағы жұмысты жалғастыра береміз», - деді ұлттық атом компаниясының басшысы.

Пікір қалдыру