| (AIX)    USD 36.85   %0      KZT 20095   %0     

Қазатомөнеркәсіп отандық өндірушілерді дамыту және қолдау бойынша форум өткізді

28 қараша 2024
Қазатомөнеркәсіп отандық өндірушілерді дамыту және қолдау бойынша форум өткізді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да өткен форумда импорт алмастыру бағдарламасының жетістіктері және отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайту перспективалары талқыланды.

Іс-шараға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты – қазіргі жетістіктерді талқылау, импортқа тәуелділікті азайту және ұлттық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа қадамдарды белгілеу.

Қазатомөнеркәсіп мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға және офтейк жүйесін дамытуға бағытталған импортты алмастыру бағдарламасын белсенді іске асыруда. 2024 жылы Қазатомөнеркәсіп оффтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жергілікті өндірушілерден сатып алу көлемін едәуір ұлғайтты, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен бірнеше есе асып түсуге мүмкіндік берді. Бұл келісімшарттар жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастықтың өсуіне ғана емес, Қазақстан экономикасының нығаюына да ықпал етеді.

«Импортқа тәуелділікті төмендету біздің компанияның қызметін жүзеге асырудағы негізгі аспектілердің бірі болып табылады. Біз экономиканы дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін отандық бизнесті белсенді қолдауға тырысамыз, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов. - Бұдан басқа, біздің импортты алмастыру жөніндегі жұмысымыз Қазақстанның уран саласындағы жетекші ойыншы ретіндегі халықаралық аренадағы позициясын нығайту үшін стратегиялық маңызға ие».

«Отандық тауар өндірушілер уран саласының кәсіпорындарын қажетті материалдармен, жабдықтармен және қызметтермен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өту маңызды, - деді Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов. - Бұл форум мемлекет, жер қойнауын пайдаланушы және қазақстандық жеткізушілер арасындағы сындарлы және жемісті өзара іс-қимыл үшін тұрақты платформа құру жолындағы алғашқы қадам болып табылады».

Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп 2 млрд теңгеден астам сомаға офтейк-келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2024 жылдың басынан бастап қол қойылған офтейк-келісімшарттардың жалпы сомасы 32 млрд теңгеден асады. Бұл компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының электромагнитті шығынөлшегіштер, қысым датчиктері, радиостанциялар, аккумуляторлар және басқа да негізгі компоненттер сияқты тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев атап өткендей, Қазатомөнеркәсіп пен машина жасаушылар одағының ынтымақтастығы импортты алмастыру бағдарламасының маңызды элементі болып табылады. Осы өзара іс-қимыл шеңберінде 1,7 млрд теңгеден астам сомаға 60-тан астам тауар позициясын оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірлескен жұмыс тобы өндірістік қуаттылықты кеңейту және жергілікті өндірісті құру бойынша ортақ күш-жігерді үйлестіреді. Кәсіпорындарға үнемі бару және өндірушілермен кеңесу туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектесіп, тығыз ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Қазатомөнеркәсіп импортты алмастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру отандық өндіріс пен инновацияны дамытуға бағытталған тұрақты және бәсекеге қабілетті экономиканы құруға ықпал ететініне сенімді.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Алтынай Кәрібжанова, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру