| (AIX)    KZT 18485   %   0.98 USD 38.07   %   0

Қазатомөнеркәсіп Буденовское кен орнының жаңа учаскесінде уранды барлау құқығын алды

10 қыркүйек
Қазатомөнеркәсіп Буденовское кен орнының жаңа учаскесінде уранды барлау құқығын алды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп, Компания) Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан Буденовское кен орнының №5 учаскесінде 6 жыл мерзімге уранды барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алғанын хабарлайды. Осы учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі.

«Буденовское кен орнының жаңа учаскесі одан әрі игеру үшін перспективалы объекті және ол уранның минералды-шикізат базасын ұлғайту жөніндегі компанияның стратегиясы үшін түйінді мәнге ие. Маңызды уран ресурстарының болуы, қолайлы геологиялық жағдайлар және дамыған инфрақұрылым ұзақ мерзімді пайдалану үшін бірегей мүмкіндіктер жасайды. Бұл жоба Қазатомөнеркәсіптің жаһандық көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Буденовское кен орны Кенце-Буденновск металлогендік аймағындағы Мыңқұдық кенді ауданының бір бөлігі және оңтүстік бағытта Инкай кен орнының жалғасы болып табылады.

Кен орнының оңтүстік қапталының солтүстік-шығысында орналасқан №5 учаске одан әрі игеру үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Осы учаскедегі уран ресурстары 18 000 тоннадан астам деп бағаланады және егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жүргізу үшін айтарлықтай перспективаларды көрсетеді. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ресурстар мен қорлар нақтыланып, анықталған ресурстардың айтарлықтай өсуі мүмкін. Кен орнының оңтүстік бөлігіндегі кендер жоғары аумақтық өнімділікпен сипатталатынын атап өткен жөн.

Учаскедегі одан кейінгі жұмыстар ресурстарды нақтылауға және өндіру жоспарын әзірлеуге бағытталатын болады, бұл оның әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған іс-шаралар компанияның ұзақ мерзімді жоспарларын табысты іске асыруды қамтамасыз етеді және Қазақстанның уран өндіруші саласын дамытуға ықпал ететін болады.

Қазатомөнеркәсіп барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылық жасай отырып, уран өндіруші өңірлерде ұзақ мерзімді тұрақты өсуді, әлеуметтік тұрақтылықты дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында уранның жаңа перспективалы учаскелерін іздеу жөніндегі белсенді жұмысын жалғастыра береді. Бұл күш-жігер компанияның позициясын нығайтуға және болашақта уран нарығының өсуінен әлеуетті пайда алуға көмектеседі.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trading House KazakAtom (ТНК) арқылы сатады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру