Қазатомөнеркәсіп «Astana Solar», «Kazakhstan Solar Silicon» және «МК «KazSilicon» ЖШС-терінің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесінің 75%-ын сатты

18 мамыр 2019
Қазатомөнеркәсіп «Astana Solar», «Kazakhstan Solar Silicon» және «МК «KazSilicon» ЖШС-терінің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесінің  75%-ын сатты

Астана экономикалық форумы аясында «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС (KazPV жобасы) жарғылық капиталдарындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 75% қатысу үлесі - шоғырландырылған пакетті сатып алу - сату шартына қол қойылды. Ресми қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бейінді емес еншілес және тәуелді ұйымдарын іске асыру Қазақстан Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. KazPV жобасының кәсіпорындарын сату «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелеріне сәйкес жүргізілді. Келісім-шартқа сәйкес жаңа инвестор кәсіпорындар қызметінің бейінін, қызметкерлердің штаттық саны мен ағымдағы жалақы деңгейін сақтауға, компанияның қолданыстағы шарттарын орындауға міндеттенеді. Сондай-ақ, мәміле шарттары бойынша үш жыл өткеннен кейін Консорциум «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қалған 25% қатысу үлесін сатып алады.

Халықаралық консорциум Алматы облысының Сарыкөл кен орнындағы аса таза кварцты пайдалана отырып, сатып алынатын кәсіпорындарды қайта іске қосуға және Қазақстанда күн элементтерін шығаруға ниетті. Консорциумның стратегиялық әріптесі – CEQ NS (ҚХР) көмегімен отандық фотоэлектрлік модульдер Қазақстанда және көршілес елдерде күн станцияларын салу кезінде пайдаланылатын болады.

 

KazPV жобасының қызметі:

«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС – фотоэлектрлік модульдерді жасау үшін қолданылатын күн тазалығындағы кремнийден фотоэлектрлік ұяшықтар өндірісі.

«Astana Solar» ЖШС – күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру үшін қолданылатын фотоэлектрлік модульдер өндірісі.

«KazSilicon» МК» ЖШС – металлургиялық кремний өндірісі, құрамында 98,5% -99,5% кремний қостотығы бар талшықты кварцты өндіру және өңдеу.

 

Байланыс үшін ақпарат

Инвесторлармен өзара ықпалдастық мәселелері бойынша

КориКос (Cory Kos), инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы
Тел: +7 7172 45 81 69
E-mail: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс департаменті және ішкі коммуникациялар

Торғын Мұқаева

Тел: +7 7172 45 80 63
E-mail: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt-Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі қолжетімді болады: www.kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2018 жылы уранды жиынтық әлемдік бастапқы өндірудің 23% мөлшеріндегі қатысу үлесіне тең табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ аталған салада уранның ең ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен және жер асты ұңғылап шаймалау технологиясын қолданатын Қазақстан Республикасының аумағындағы 26 кен орнын игеруде.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде Қазатомөнеркәсіп әлемдік уран өндіру саласындағы барлық жетекші ойыншылармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топтың негізгі клиенттері – атом өндіретін қуаттардың операторлары, ал Топтың өнімі үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей өзінің штаб-пәтерінен немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы ТНК арқылы уран және уран өнімдерін сатады.

Толығырақ ақпарат біздің жаңартылған интернет-ресурсымызда:

http://www.kazatomprom.kz

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

Осы құжатта қамтылған болжамдарға қатысты ақпарат болашақ оқиғалар туралы бірқатар болжамдарға негізделеді және айтарлықтай экономикалық және бәсекелі белгісіздікке және басқа да жағдайларға ұшырайды, олардың ешқайсысы сенімділікпен болжана алмайды және олардың кейбіреулері компанияның бақылауынан тыс жерде болады. Болжамдар іске асырылатынына ешқандай кепілдік бола алмайды және нақты нәтижелер көрсетілгеннен жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Компанияның ешқайсысы - оның акционерлері де, директорлары да, лауазымды тұлғалары да, қызметкерлері да, консультанттары да, үлестес тұлғалары немесе жоғарыда аталған қандай да бір өкілдері немесе үлестес тұлғалары - осы құжатта ұсынылған болжамдардың дәлдігі үшін жауапты болмайды.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру