| (AIX)    KZT 18485   %   0.98 USD 38.07   %   0

Акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізу туралы хабарлама

11 қыркүйек
Акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы («Қоғам», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05Т1Х3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 ғимарат, осымен өз акционерлерін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13-мамырындағы № 415-II Заңының 35-48, 50-52-баптарына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын күндізгі тәртіппен өткізетіні туралы хабардар етеді. Жиналыс шақыру бастамашысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар Кеңесі болып табылады (2024 жылғы 26 тамыздағы № 14/24 хаттама).

Жиналыс 2024 жылғы 16 қазанда 10 сағат 30 минутта (Астана қ. уақыты бойынша) келесі мекенжайда өтеді: Қазақстан Республикасы, Z05Т1Х3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 ғимарат, 3-қабат.

Акционерлерді тіркеу жиналыс өтетін жерде 2024 жылғы 16 қазанда жергілікті уақытпен (GMT+5) 9 сағат 00 минуттан 10 сағат 20 минутқа дейін жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылғы 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен (GMT+5) 00 сағат 00 минутта жасалады.

Кворум болмаған жағдайда Қоғам акционерлерінің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысы 2024 жылғы 17 қазанда жергілікті уақытпен (GMT+5) 10 сағат 30 минутта алғашқы өткізілмеген жиналыс өткізілуі тиіс жерде, сол күн тәртібімен өткізілетін болады.

Акционерлерді тіркеудің басталуы жергілікті уақытпен (GMT+5) 9 сағат 00 минут.

Акционерлерді тіркеудің аяқталуы жергілікті уақытпен (GMT+5) 10 сағат 20 минут.

Алдағы жиналыс туралы хабарлама «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғам Жарғысына сәйкес Қоғамның интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Кезектен тыс жалпы жиналыстың күнтәртібі:

1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы.

2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нысанын айқындау туралы.

3.  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

4. Мүдделілік бар ірі мәміле жасасу туралы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Kap Logistics» ЖШС және «Tayqonyr qyshqyl zauyty» ЖШС арасындағы кепілдік шарты.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 43-бабының 4-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Жиналыс күн тәртібіне Қоғамның акционерлеріне мұндай толықтырулар туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда, Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар Кеңесі ұсынған толықтырулар енгізілуі мүмкін.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 44-бабының 4-тармағына сай Жиналыс күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 календарлық күннен кешіктірмей Қоғамның нақты мекенжайында дайын әрі қолжетімді болуы тиіс.

Акционер сұрауы бойынша Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салу алынған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Қоғамның акционерлерінің сауалдары Қоғамның нақты орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Жиналысты өткізу тәртібі

Жиналысқа қатысатын акционерлер немесе олардың өкілдері (бірлескен түрде «акционерлер») Жиналыс басталғанға дейін тіркелуі қажет. Акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек. Акционерлердің өкілдері Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өкілеттіктерін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан әрекет ету немесе сенімхатсыз оның мүдделерін білдіру құқығын растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар Депозитарлық банктің (Citibank N. A.) қызметтерін депозитарий ретінде пайдалана отырып, Қоғам акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысында өз дауыс беру құқығын іске асыра алады. Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар  Депозитарлық банк (Citibank N. A.) арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ бенефициарлық иелеріне қатысты қолданыстағы қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру және басқа ақпаратты ұсынған жағдайда депозитке салынған акцияларға қатысты бенефициарлық иелердің атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналыстарында дауыс беруге құқығы бар.

Тіркеуден өтпеген акционер кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Жиналыс жарияланған уақытта кворум болған кезде ашылады.

Жиналыста Жиналыс төрағасы мен хатшышы сайланады және дауыс беру нысаны – ашық немесе жасырын болатынын (бюллетеньдер бойынша) айқындалады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру мүшелерді сайлау кезінде Жиналыста дауыс беруге құқығы бар әрбір адамға Жиналыстың рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыс беруін қамтамасыз етуді және Директорлар кеңесінің құрамын сайлаудағы кумулятивтік дауыс беруді қоспағанда, «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Төраға, мұндай сөз сөйлеу Жиналыс регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, күн тәртібі мәселесін талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне кедергі жасауға құқылы емес.

Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес Жиналыс хаттамасы Жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және қол қойылады.

Мүдделігі бар ірі мәміле жасау туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар Кеңесі шешіміне (2024 жылғы 26 тамыздағы № 14/24 хаттама) сәйкес «Tayqonyr qyshqyl zauyty» ЖШС (бұдан әрі - TQZ) және «Kap Logistics» ЖШС (бұдан әрі - KAP Logistics) арасында 2043 жылға дейін «take-or-pay» (ал-немесе-төле) қағидаты бойынша «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайқоңыр селосында Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытының құрылысы» жобасы бойынша (бұдан әрі – Жоба) күкірт қышқылын сатып алу офтейк-келісімшарты (бұдан әрі - Офтейк-келісімшарт) жасасу жоспарланған.

Бұл жобаны іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының пайдасына уран өндіруге қажетті реагентті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

Офтейк-келісімшартының шарттарының бірі Офтейк-келісімшарт бойынша төлем міндеттемелерін тиісінше орындауды қамтамасыз ету үшін «KAP Logistics» ЖШС кепілгер тарту болып табылады. Осыған байланысты Кепілгер ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, борышкер ретінде «KAP Logistics» ЖШС және Бенефициар ретінде «Tayqonyr qyshqyl zauyty» ЖШС арасында Кепілдік шартын жасау жоспарлануда. Кепілдік шартының талаптарына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кепілдік міндеттемелерінің жалпы сомасы Офтейк-келісімшартына сәйкес «KAP Logistics» ЖШС-нің «Тайқоныр Қышқыл Зауыты» ЖШС алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасына сәйкес болады.

Неғұрлым толық  ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының мәселелері бойынша

Әйгерім Досанова, корпоративтік хатшысы

Тел: +7 7172 45 82 84

Email: adosanova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі Қоғамның ресми интернет-ресурсында www.kazatomprom.kz. қол жетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, Топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trading House KazakAtom (ТНК) арқылы сатады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз:

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер мыналарды, бірақ олармен шектелмейтін, оның алдында, одан кейін немесе келесі сөздер қолданылатын мәлімдемелер «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниет етеміз», «мүмкін», «болжамдаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін», «болуы мүмкін», «болуы ықтимал», «керек», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағынадағы терминдер немесе олардың теріс формалары қамтуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС, АЛ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ, НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН.  КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ӨКІЛДЕР ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР ДА - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты өтініштер осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған.  Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден сөзсіз бас тартады, Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру