| (AIX)    USD 40.26   %   -1.54 KZT 21045   %   -1.34

Біз біргеміз: Қазатомөнеркәсіп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 3 млрд теңге бөлді

9 сәуiр
Біз біргеміз: Қазатомөнеркәсіп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 3 млрд теңге бөлді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде 3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл қаражат зардап шеккен аудандарға жедел қолдау көрсету үшін Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады.

«Біз еліміздің кейбір өңірлеріндегі су тасқынынан туындаған ауыр жағдайға қатты өкінеміз. Осы қиын сәтте біз сіздермен біргеміз. Ынтымақтастығымыз бен қолдауымыздың белгісі ретінде қызметкерлеріміздің бастамасынан бөлек, Қазатомөнеркәсіп зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетуге белсенді атсалысуда. Біз кез келген қиындықтарды бірге еңсеріп, зардап шеккен аймақтардың қалыпты өмірін қалпына келтіре алатындығымыздың белгісі - Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорына қосқан үлесіміз», - деп түсіндірді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы күреске «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсету үшін 120-ға жуық арнайы техника жібереді. Бұл шешім зардап шеккен аудандарға көмектесу үшін компания бастаған кең қолдау бағдарламасының бөлігі болып табылады. Арнайы техника инфрақұрылымды қалпына келтіру, аумақтарды судан тазарту және өмірлік маңызды нысандарды қалпына келтіру үшін пайдаланылатын болады.

Бұрын хабарланғандай, компания қызметкерлері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бір күндік жалақысын аудару арқылы өз бетінше көмек көрсетуге шешім қабылдады.

Компания уран өндіруші кәсіпорындардың басым бөлігі елдің оңтүстік өңірлеріндегі су басу қаупі аз шалғай жерлерде орналасқанына қайта назар аударады.

Қазіргі уақытта су тасқыны компанияның уран өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметіне әсер еткен жоқ. Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің Астанадағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы Trading House KazakAtom (ТНК) еншілес сауда компаниясы арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру