| (AIX)    USD 37.15   %0      KZT 18795   %0     

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

15 қараша 2024
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2024 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 құрылыс, 3 қабат мекенжайы бойынша жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+5) өткен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін хабарлайды.

АКЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 дананы құрады. 2024 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлердің иелігіндегі номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 223 893 489 дананы құрады. АКЖЖ-да Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 85,32% құрайтын,  жиынтығында 191 034 686 қарапайым акцияны иеленетін акционерлері және олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді.

АКЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша акционерлердің дауыс беріп, шешімдер қабылданды.

Шешімдер

Қарсы емес

%

Қарсы

%

Қалыс қалды

%

1.1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасын сайлау туралы.

188 974 112

98,92%

0

-

2 060 574

1,08%

1.2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хатшысын сайлау туралы.

148

95,48%

0

-

7

4,52%

2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нышанын анықтау туралы.

188 981 112

98,93%

0

-

2 053 574

1,07%

3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

188 981 112

98,93%

0

-

2 053 574

1,07%

4. Нәтижесінде оның активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан астамы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін), мәміле туралы шешім қабылданған күнге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ нәтижесінде құны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан астамын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) ірі мәміле, атап айтқанда: «Сатушы» ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Сатып алушы» ретінде CNNC Overseas Limited компаниясы арасында табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың споттық шартын және «Сатушы» ретінде «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ мен «Сатып алушы» ретінде China National Uranium Corporation Limited компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын жасасу туралы.

168 729 454

88,32%

14 443 993

7,56%

7 861 239

4,12%

Ірі мәміле жасасу туралы

АКЖЖ шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CNNC Overseas Limited компаниясы (бұдан әрі – «CNNC Overseas»)  арасында табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың споттық шартын және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және China National Uranium Corporation Limited компаниясы (бұдан әрі – «CNUC») арасында табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын жасасу мақұлданды.

Гонконгта тіркелген CNNC Overseas компаниясы, ҚХР-да тіркелген CNUC компаниясы ядролық өнеркәсібінің барлық салаларына қатысатын ҚХР мемлекеттік корпорациясы – China National Nuclear Corporation-ның (бұдан әрі – «CNNC») үлестес ұйымдары болып табылады. CNNC ҚХР-дағы атом электр станцияларының негізгі операторы болып табылады, ядролық энергетикасы мен технологиясын дамыту, атом электр станцияларын салу және ядролық отын өндіру саласындағы әзірлемелермен айналысады.

Бұл мәміленің жасалуы ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін кеңейтеді, ҚХР-ды көміртегісіз энергияға көшу үшін қазақстандық уранның тұрақты жеткізілімімен қамтамасыз етеді және жаһандық атом энергия нарығында Қазақстанның негізгі ойыншы ретіндегі рөлін күшейтеді.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін байланысу:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Әйгерім Досанова, корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 82 84

Email: adosanova@kazatomprom.kz 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Ботагоз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары сұрақтары бойынша 

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі Қоғамның ресми www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп Компанияның қатысу үлестеріне пропорционал түрде 2023 жылғы жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 20 пайызына жуығы мөлшерінде әлемдегі аса ірі табиғи уран өндірумен уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы аса ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орындарда/учаскелерде игеруді жүргізеді. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, ұңғымаларды жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын (ISO 45001 және ISO 14001сертификатталған) қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, топтың негізгі клиенттері - атомдық генерирлеуші қуаттылықтардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка мен Еуропа болып табылады. Топ уранды және уран өнімдерін ұзақмерзімді және қысқамерзімді келісімшарттар бойынша, споттық нарықта Қазақстан, Астана қаласындағы өз корпоративтік орталығынан тікелей, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.

Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА  СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат,  басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен  жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін  қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.

Пікір қалдыру