Тұрақты даму

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік

Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – Қазатомөнеркәсіптің еңбекті қорғау саласындағы басты міндеті. Компания үздік әлемдік практикаларға сай болуға, ұлттық және халықаралық талаптарды бұлжытпай орындауға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті (ЕҚ және ӨҚ) басқару жүйесін үнемі жақсартуға тырысады.

Қазатомөнеркәсіпте халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістегі денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері кеңінен енгізілуде. Өндірістік кәсіпорындарда ISO 45001 стандартына сәйкес денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі енгізілді.

ЕҚ және ӨҚ саласындағы негіз қалаушы құжат Қазатомөнеркәсіптің еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Саясаты болып табылады. Топтың барлық қызметкерлері мен мердігерлеріне таралады. Компания қызметкерлері үшін Қазатомөнеркәсіптің Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының кодексі де міндетті болып табылады. ЕҚ және ӨҚ бойынша барлық іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі нәтижелер Директорлар Кеңесі жанындағы Өндірістік қауіпсіздік комитетімен (HSE) және Қазатомөнеркәсіп Басқармасы жанындағы тәуекелдерді басқару комитетімен үнемі қаралады және талданады.

Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі ISO 14001;2015 және ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарына сәйкестігі бойынша сертификатталған.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларының тиімділігі

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндірістік жұмыстар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Тұрақты негізде апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданады. Компанияда қауіпсіздік мәдениетін халықаралық озық тәжірибелер деңгейіне дейін көтеру және барлық деңгейдегі қызметкерлер мен менеджерлердің өндірістік қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

100% Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері 2020 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылды.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) жұмыстағы қауіпсіздік, денсаулық жағдайы мен әл-ауқатты жақсарту бойынша бастамасын қолдай отырып, Компания Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы ретінде тіркелді. 

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында және Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Компания өзінің барлық қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдары қолдануға міндетті «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» анықтап қабылдады:

  • Көшбасшы болу – адалдықты көрсету
  • Қауіптерді анықтау – қауіптерді бақылау
  • Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу
  • Өндірістік қауіпсіздік жүйесін ұдайы жетілдіріп отыру – ұйымның жоғары деңгейіне қол жеткізу
  • Жұмыс орындарында, жабдықты пайдалану және қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту
  • Кадрларға инвестициялау – қатысу арқылы ынталандыру

2019 жылы сонымен қатар барлық ЕТҰ-да Lock out/Tag out (Ескерту жапсырмаларын ілу арқылы қауіпті энергия көздерін бұғаттау) жүйесі мен қауіпті іс-қимылдарды, қауіпті шарттарды, әлеуетті қауіпті жағдайларды есепке алу – Near-Miss рәсімі енгізілді.

COVID-19
Қауіпсіздік мәдениеті
Өндірістік жарақаттың алдын алу
Денсаулықты қорғау
Ядролық қауіпсіздік
Радиациялық қауіпсіздік
Төтенше жағдайларға дайындық
Пікір қалдыру