| (AIX)    USD 38.34   %   -1.24 KZT 18185   %   -0.22

Мансап

«Мансап» бөліміне қош келдіңіздер!

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 21 мыңнан астам қызметкер еңбек ететін, Қазақстанның бес аймағында 46 өндірістік нысандары бар, табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі нөмірі бірінші компания.

21000
қызметкерлер
36
өндірістік нысандар
5
аймақтар

Қазатомөнеркәсіптің нарықтағы көшбасшылық орны – ұлттық атом Компаниясының әрбір қызметкерінің еңбегінің нәтижесі. Компания қызметкерлері қызметтің әртүрлі саласында және әртүрлі масштабтағы күрделі жобаларды жүзеге асыруда бағасыз тәжірибеге ие болды, олардың көбі - жақсы теориялық дайындық пен тәжірибесі бар, жоғары дәрежедегі мамандар. Бұл жерде Компанияға өте бағалы, бірегей адамдар жұмыс істейді.

Кадрлық саясат Компанияның кадрлық мүмкіндігін нығайтуға және сақтауға, мотивацияның тиімді жүйесін құруға және қызметкерлердің толығымен дамуы үшін жағдай жасауына бағытталған.

Біз тиімділік деңгейі бойынша еңбегін ынталандыруға маңызды мән бере отырып, өзіміздің қызметкерлеріміздің қорытындыға жету талпынысын, командада жұмыс істеу дайындығын және өзіне жауапкершілік ала білуін бағалаймыз.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на жұмысқа қабылдау басқарушы және әкімшілік қызметтегі бос орын үшін үміткерлерге конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырылады.

1

Қызметкерлерді іздеген кезде, біз түрлі байланыс арналарын пайдаланамыз

  • Қызметкерлерді іздеу барысында біз әртүрлі коммуникациялық каналдарды пайдаланамыз.
  • Жұмыспен қамту агенттігіне жүгінеміз.
  • Бізге жиі түсіп тұратын түйіндеме базасынан іздейміз
2

Конкурсқа қатысуға ұсыныс білдірген тұлғалардан түйіндеме қабылдау

Жарияланым шыққан уақыттан бастап 10 жұмыс күні ішінде біз түйіндеме қабылдаймыз.

3

Іріктелген үміткерлердің кәсіби білімдерін тестілеу

4

Конкурстық комиссиямен іріктеу

Үміткерлер құрылымдық бөлімше басшыларымен сұхбаттан өтеді.

Конкурстық комиссия құрылымдық бөлімше басшыларымен сұхбат пен тест қорытындысын ескере отырып, үміткерге баға береді, содан кейін үміткерді ұсыну туралы хаттама толтырады.

5

Шешім қабылдау

Басқарма Төрағасы іріктеуден ойдағыдай өткен үміткерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды

6

Еңбек қатынасын рәсімдеу

Еңбек шартын жасау және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару

Пікір қалдыру