Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдардың импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. Компанияның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры атынан мемлекетке тиесілі. Бүгінгі таңда компанияда 25 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемдегі жетекші уран өндіруші компаниялардың қатарына енген.

Мақсаткерлігі

Мемлекеттің ішкі және сыртқы рынокта бәсекеге қабілетті индустриалды кешенін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүргізу. Әлемдік атом энергетикасы рыногында маңызды шептерді иелейтін тігінен интеграцияланған трансұлттық компанияға айналу. Атом стансаларын жобалауға қатысу. Сирек және сирекжер металдар негізінде ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту.

Стратегиясы

Біз клиентке өнім мен қызмет түрлерін таңдауда барынша мол мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл үшін өндірістің жоғары мәдениеті дәстүрлерін қарқынды дамытуға және ғылым, техника мен басқарудың соңғы жетістіктерін қолдануға ұмтыламыз.